Мәселе

"Борат-2": министр қандай шара қолға алынатынын айтты

  • "Борат" фильмінен кадр

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Борат-2" фильмінің шығуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Екінші фильмнің шыққанын бәрі біледі. Оны елемей жүре алмаймыз. Меніңше, олар шығармашылық адам ретінде өз болымысын көрсете алады. Алайда ондай әрекет адамның ар-намысына, белгілі бір мемлекеттің атақ-абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс", &ndash деді Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

 

Осы орайда министр өзі басқарып отырған мемлекеттік органның қай кезде шара қолдана алатынын түсіндірді.

 

"Фильмді Қазақстанда прокатқа шығару кәуілігіне өтініш берілгенде министрлік тиісті шара қолданып, қарсылық білдіре алады. Әзірше, ешқандай ресми өтініштер түспеді. Сондықтан мәдениет және спорт министрлігі шара қолданып жатқан жоқ. Бірақ Қазақстан азаматы ретінде айтарым, ол фильм менің намысыма да тиеді", &ndash деп атап көрсетті Райымқұлова.

 

Министрдің ойынша, әлем бойынша көзі ашық әрі ақпаратты дұрыс қабылдай алатын адамдар аз емес. Олар жаңа фильмнің ойдан шығарылғанын жақсы түсінеді.

 

"Заңда фильмді өз елімізде прокатқа шығармаудың бірнеше тармағы көрсетілген. Әзірше, біз фильмнің мазмұнын толығымен білмейміз. Сондықтан ресми түрде өтініш түссе, оны жан-жақты қарастырамыз", &ndash деп атап көрсетті Райымқұлова.

 

 

 




Көрілген: 4455    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 15:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30