Мәселе

Бойжеткенді ұрып-соғып жезөкшелікке мәжбірлегендердің бірі жеңгесі болған

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алматыда 25 жастағы бойжеткен өзін біреулердің ұрлап әкетіп, жөзекшелік жолға түсірімек болғанын айтып шағымданды.

Денесінің сау тамтығы қалмай таяқ жеген жәбірленушінің айтуынша, оны әуелі бір үйде соққыға жығып, кейін жеңіл жүрісті қыздардың ордасына алып барған. Ең сорақысы, бойжеткенді екі күн қамауда ұстағандардың бірі оның бұрынғы жеңгесі екен.

Қатты соққыдан есеңгіреп әрең тілге келсе де, жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берді. 

«Зорлық-зобылықтың құрбаны болдым» деген 25 жастағы бойжеткеннің денесінің сау тамтығы қалмаған – басы жарылып, үсті-басы түгел қанталап кеткен. Ауыр соққыдан есеңгіреп, әлсіреп қалыпты. Солығын баса алмаған ол сол күнгі оқиғаны қорқынышпен еске алады.

Жәбір көрген қыз:

- Қарап тұрмаңдаршы, бәрің неге қарап тұрсыңдар?! Тамақ ішетін ожаумен, сосын тоқ ұзартқыштың бауымен буындырып, арқамнан аяқпен теуіп, қолымен ұрып, тізесін батырды.

- Кім деген ұрды?

- Камила мен Аида ұрды.

Бойжеткеннің айтуынша, жұмыстан қайтқан бетінде оны ұрлап кетіп соққыға жыққандардың бірі туысқан ағасының бұрынғы әйелі екен. Ең сорақысы, қорғансыз жанды аяусыз тепкілегендер оны қорқытып-үркітіп, жеңіл жүрісті қыздардың қатарына қоспақ болыпты.

Жәбір көрген қыз:

- Жезөкше болып жұмыс жасайсың, істемесең, қағаздар жасап қойдым, апарып әкешешеңе көрсетемін деді. Кешкісін мені Северное кольцо 32/Д немесе Г, сол мекен-жайда автожуғыш бар, соның жертөлесінде жезөкшелер ұясы бар. Сол жерге алып барды.

Осылайша екі күн құлдықта болған ол ретін тауып, түн ішінде жақындарына хабарласқан. Өзін қай жерде күштеп ұстап отырғанын айтып үлгеріпті. Бірақ айтылған мекенге тәртіп сақшыларымен бірге жеткен туысқандары үйге кіре алмай, кері қайтыпты. Ал істің насырға шапқанын білген сыбайластар ертеңіне оны Сайран автобекетіне ертіп әкелген.

Әпкесі:

- Толық қыз сіңілімді жетектеп қасында келді. Сіңілімді көрдім. Құшақтап амандасқанда, «әпше, маған көмектесші, алып қашшы» деп жылады.

Алайда үйге жеткенше, белгісіз көлік аңдып келгенін айтқан әпкесі «сыртқа шығуға қорқамыз» дейді. «Екі жігіт торуылдап жүр» деген олар тек біздің көз алдымызда полиция шақырды. Ал тәртіп сақшыларына мән-жайды түсіндірген жәбірленуші өзін қай жерде күшпен ұстағанын көрсетіп берді.

- Қайсы?

- Мына жасыл қақпа. Қорқамын аға, кете берейінші, өтініш. Шығып қалса, қорқамын.

- Басқа қыздар болды ма?

- Иә, ішінде болды.

- Олар кім?

- Олар сол тәтеге жұмыс істейтіндер.

Жәбірленуші көрсеткен үй маңайында әп-сәтте сақшылардың қарасы көбейіп, тіпті оқиға орнына жедел-тергеу тобы алып-ұшып жетті.

Абыр-сабырды естіген көршілер бұл үйден талай рет жеңіл жүрісті қыздарды көргенін айтады. Ал алғашында қақпасын ашудан бас тартқан үй иесі, артынша полицейлерге тап берді.

Полицейлер үйдің ішін тінтіп, бірнеше адамды ішкі істер басқармасына алып кетті.

Ал айдың күннің аманында зорлық көрген бойжеткен әлі де қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жасырмады.

 ktk.kz




Көрілген: 288    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 10:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31