Мәселе

"Бір баланың құны – 2 млн теңге": желідегі хабарландырудың мән-жайы анықталды

  • © CC0 / StockSnap

    © CC0 / StockSnap

Нұр-Сұлтан тұрғынының атынан белгісіз біреулер әлеуметтік желіде бала сату туралы хабарландыру таратқан.


"Жасым 32-де, үш жұмыста істеп жүрмін, балаларымды асырай алмаймын. Балаларды керек қылған адамға тез арада берем, оларға артық ештеңе керек емес, тамақ пен басында баспана болса болды. Әйеліммен бір жыл бұрын ажырасқанмын, қазір бала-шағаны жалғыз өзім тәрбиелеп өсіре алмайтынымды түсіндім. Көмектесіңіздер, балаларды сатып алыңыздар, бәлкім, тегін берермін. Бір баланың құны – екі миллион теңге", - делінген желіде тараған хабарландыру мәтінінде.


Мәтінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Әлия Арғынның кенже ұлының телефон нөмірі көрсетіліпті.



Әлия Арғын Facebook желісінде хабарлағандай, кіші ұлының ұялы телефонына бейтаныс жандар хабарласып, бала сату туралы сұраған. Бастапқыда әйел біреудің орынсыз қалжыңы ма деп ойлайды, бірақ үшінші қоңыраудан соң көңілінде күдік пайда болыпты. Құқық қорғау органдары да жауап алған көрінеді.


Нәресте, архивтегі фото

CC0 / BINGNGU93

26 жастағы келіншек үй алу үшін ұлын сатып жібермекші болған

"Қатты ашуланғаным сонша, қаным басыма теуіп тұр. Полиция үйіме келіп, жауап алды, күйеуім мен балаларым туралы сұрады. Хабарландыру "Инстаграмда" тарап кеткен екен", - деп жазды Әлия Арғын.


Кейінірек әйел адам жазғандай, полиция басшылығына айыптыны ұстау туралы сұрату жіберген көрінеді.


Бала сату туралы посттың астында пікір қалдырған жұрт бірауыздан бұл ақпаратты таратқандарды қатаң жазалау керек деп ұйғарды.


Sputnik




Көрілген: 652    Пікірлер: 0

сенбі, 30.03.2019, 17:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31