Мәселе

Бір мұғалім физика, әдебиет, музыканы оқытады. Депутат ауыл мектептерінің жағдайы туралы айтты

  • Бір мұғалім физика, әдебиет, музыканы оқытады. Депутат ауыл мектептерінің жағдайы туралы айтты

    Бір мұғалім физика, әдебиет, музыканы оқытады. Депутат ауыл мектептерінің жағдайы туралы айтты

Сенат отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев ауыл мектептерінде бір мұғалім физика, әдебиет және музыканы оқытатын жағдайлар бар екенін айтты.

Ақылбек Күрішбаев бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Қазақстанда азаматтардың табыстары бойынша өте көп айырмашылық бар. Пандемия, экономикалық дағдарыс және инфляция халықтың аз қамтылған топтарын одан әрі кедейшілікке алып келді. Ал табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың үлесі қалаға қарағанда ауылдық жерлерде 2,5 есеге көп. Бірақ мұндай әлеуметтік ахуал еліміздің болашақ ұрпағына әсер етпеуі тиіс, - деді сенатор.
Депутат жастар өз отбасыларының материалдық жағдайына қарамастан лайықты білім алуы керігін айтты.

Жыл сайын елімізде 150 мыңнан астам оқушы орта мектепті бітіреді. Олардың шамамен 74 мыңы, яғни жартысы ауыл тұрғындары. Ауыл балаларының табиғатынан дарынды болатынын, олардың үлкен еңбекқорлықпен, ерекше патриотизм сезімі өзгешелендіріп тұратынын айтқым келеді. Өкінішке қарай, аз қамтылған отбасылардан шыққан көптеген дарынды бала жоғары білім ала алмауда, - деп толықтырды депутат Ақылбек Күрішбаев.
Айтуынша, мұның себептері ауыл мектептерінің мәселесімен байланысты. Ауылдық жерде педагогтардың тапшылығы 2 100-ден асады. Бұл республиканың педагог кадрларға қажеттілігінің 60%-ы.

Ауыл мектептерінде бір мұғалім физика, әдебиет және музыканы оқытатын жағдайлар бар. Қала мен ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы салыстыруға келмейді. Былтыр ауыл тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға қатысқандардың бірде-біреуі «интернет жақсы жұмыс істейді» деп жауап берген жоқ. Елімізде 22 ауылдық ауданда колледждер жоқ. Көптеген ауыл баласы мектептерде алған білімдерінің төмендігіне байланысты мемлекеттік гранттарды ала алмай отыр. Ал олардың ақылы оқуға мүмкіндігі жете бермейді, - деп айтты Күрішбаев.


Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

BAQ.KZ




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 13:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31