Мәселе

Бір топ адам Қорғастағы қойманың быт-шытын шығарып, ішке лап қойды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы қоймаға ел лап қойып, бұзып ішіне лап қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл оқыс оқиғаның видеосы Instagram-дағы angry_taldyk парақшасында жарияланды.


Жазбада кедендік тексеру залында қараусыз қалған тауарлар осы қоймаға жеткізілгені айтылады.


- Видеодан адам биіктігіндей болатын қаңылтыр қоршаумен қоршалған қойманы көруге болады. Қақпаның сыртында құлып тұр. Бұл араға бірінен соң бірі «несун» деген атпен танылған біреудің тауарын жеткізгіштер жиналуда. Адамдар қақпаны күшпен ашуға тырысуда. Оларға тағы жиырма адам келіп жетті, арасында балалар да бар. Ал қоршаудың арғы жағында күзетшілер мен полиция қақпаны итеріп, оларға тойтарыс беруде. Бірақ екі тараптың күші тең емес. Ақыры лық күшке шыдамаған қақпа шалқасынан түседі. Ішке лап қойған адамдар қас-қағым сәтте ол араны тып-типыл етті, - делінеді парақшадағы жазбада.



Алматы облысының полициясы бұл оқиғаны растады.


- Факт ресми түрде тіркелді, оған сәйкес қажетті шаралар қабылдануда. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен прокурорлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жағдай белгілі бір деңгейде шешілді. Осы оқиғаға қатысушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады, - деп түсіндірді полиция департаментіндегілер. 




Көрілген: 1495    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 15:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31