Мәселе

Браконьерлер шабуылынан тірі қалған қорықшы тілшілерге сұқбат берді

  • © Photo : Меруерт Алимова

    © Photo : Меруерт Алимова

Браконьерлер шабуылынан аман қалған Охотзоопром инспекторы Самат Оспанов алғаш рет тілшілерге сұқбат берді. Ол қазір Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында емделіп жатыр.


Жұма күні Көкшетауға экология министрі Мағзұм Мырзағалиев арнайы ұшып келіп, қорықшыны ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады.


Ер адам тілшілерге берген сұқбатында қаза тапқан әріптесі Қаныш Нұртазиновты еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Дәрігерлер науқастың жағдайын қанағаттандырарлық дегенімен, психологиялық денсаулығына алаңдап отыр.



"Самат әріптесінің қазасын ауыр күйзеліспен қабылдады. Сондықтан әйелінің қасында болып, күтім жасауына рұқсат еттік", - деп түсіндірді бас дәрігердің хирургия бойынша орынбасары Дмитрий Чайков.


Оның айтуынша, Саматтың беті бері қарап келеді, жоспар бойынша ем қабылдап жатыр.


"Келесі аптада сәрсенбі немесе бейсенбі күні ауруханадан шығарсақ деп отырмыз", - дейді Чайков.


Бұған дейін Самат Оспанов тілшілермен сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартқан болатын. Әйелінің айтуынша, қорықшы әріптесі Қаныш Нұртазиновтың қазасына қатты қайғырған екен.


"Бір-бірімізді бұрыннан білмесек те, бірден достасып кеттік. Бір апта бұрын ғана таныстық. 17 шілдеде ол да мен сияқты іссапармен келді. Жиырма күн бірге жұмыс істеуіміз керек болатын. Бізді ортақ мақсатымыз – барконьерлікке жол бермеу, сирек кездесетін жануарларды қорғау біріктірді. Өзі сондай жайдары, мейрімді еді, бірақ сөзі мен ісіне мығым екенін де байқадым. Мені "құрдас" деп жақын тартатын", - дейді Самат.


Марқұм қорықшының артында әйелі мен бала-шағасы, қарт анасы қалды.


"Қазір олардың қандай күйде екенін елестету қиын. Иманды болсын, жарқын бейнесі жадымда қалды. Әйеліне күш-қуат, сабыр берсін", - деп көңілін білдірді Оспанов.


Марқұмның әйелі қандай күйде екенін Саматтың жары жақсы түсінеді. Сол қаралы күні Қарағандыда ата-анасының үйінде болыпты.


"Саматтың аман қалғаны үшін Жаратқанға мың алғыс, күйеуімнің әріптесінің туыстарына күш-қуат берсін деп тілеймін", - дейді әйел.



Самат қорықшы қызметін әрі қарай жалғастырамын деп отыр. Ал осы уақытқа дейін жанынан бір елі ажырамаған әйелі жібергісі келмейді.


"Ең бастысы жұмыс емес. Өмірдің мәні – отбасың мен бала-шағаң. Жібермеймін. Айып етпессіздер, түсінуге тырысыңыздар", - дейді ол.


Еске сала кетсек, марқұм Қаныш Нұртазинов І дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды.


Аурухана дәлізінде тілшілерге сұқбат берген экология министрі ведомствоның қандай шараларды қолға алатынын айтты: заңсыз аңшылық үшін жазаны күшейту, қорықшылардың материалдық базасын нығайту.


"Сонымен қатар қорықшылардың кәсіби дайындығымен айналысамыз. Деңгейін арттыру қажет, ол үшін теория және практика бойынша курс енгіземіз", - деп сөзін түйіндеді Мағзұм Мырзағалиев.



Еске сала кетсек, 2019 жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысы Жарқайың ауданында қорықшыларға шабуыл жасады деген браконьерлер ұсталды. Олар – әкелі-балалы Арқалық тұрғындары.


 




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 12:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31