Мәселе

Біреуі 68 мың теңге: Қарағанды облысында дәрігерлерге қымбат бетперде сатып алған

  • Біреуі 68 мың теңге: Қарағанды облысында дәрігерлерге қымбат бетперде сатып алған

    Біреуі 68 мың теңге: Қарағанды облысында дәрігерлерге қымбат бетперде сатып алған

Қарағанды облысында пандемия кезінде реаниматолог дәрігерлерге қымбат медициналық бетперде сатып алып берген. Бетперденің бір данасы 68 мың теңге тұрады. Жалпы алғанда, оларға бюджеттен 13 миллион теңге жұмсалған. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы бетперденің мықты екенін алға тартты: кең әйнегі бар және ауыстырылатын көмір сүзгісімен жабдықталған. Сонымен қатар, билік бетпердені әлдеқайда арзан сатып алуға болатынын мойындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

"Көп реттік бетперде. Содан кейін қайта өңделетін болады. Біз бұл шығындарға реаниматолог дәрігерлеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бардық. Мәселе жедел түрде шешілді,  көктем-жаз айларында сатып алдық, бірінші толқын кезінде жүргізілді. Қазір кейбір сарапшылар қолданыстағы тауарлардың бағаларын көктем-жаздағы бағалармен салыстырады. Бұл дұрыс емес", - дейді ол.

Айтуынша, дәрігерлер бетперделерді тағып жүр. Бұл ретте шенеунік жақын арада қорғау құралдарын жаңа сатып алу қажет болатынын айтады. Себебі қорғаныш құралдары қазірдің өзінде тозған.




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 00:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31