Мәселе

«Бригада» бүлдіріп барады

  • «Бригада» бүлдіріп барады

    «Бригада» бүлдіріп барады

Бүгінгінің бұзықтары көшеде төбелескенді қойып, интернетте «ерегісетінді» шығарыпты. Жуырда ғана өрімдей бозбаланың өліміне әкеп соқтырған сорақылықтың басы да дәл ғаламтордан бастау алған-ды. Ғаламтордың «ғажайыбынан» тәлім алған жас жігіттер әуелі сол желіде есеп айырыспақ болыпты. Әбден керісіп, бір тоқтамға келе алмаған соң көзбе-көз кездесіп, бір-бірінен өш алмақ болады. Нәтижесінде … бір отбасы қара жамылды. Бақилық болған бозбала бұл оқиғаға мүлдем қатысы жоқ. Достарымен әңгімелесіп тұрғанында кездейсоқ оққа ұшқан.

Дәрігерлердің айтуынша, оқ оның өкпесі мен жүрегін тесіп өтіпті. Ауруханаға жеткізілген соң ота үстелінде 2 сағаттан кейін көз жұмған. Ал оқ тиген тағы бір бозбаланың да бұл оқиғаға мүлдем қатысы жоқ. Ол жарақаты ауыр болмағандықтан бірден үйіне жіберілді. Елді шулатқан шулы оқиға Шымкенттің қақ ортасындағы жаңа технологиялар колледжінің алдында орын алған. Сол маңға келіп тоқтаған көліктің терезесінен оқ жаудырғандар тез арада тайып тұрған. Оқиғаға қатысы барлар сол күйі ұстатпай кетеміз деп ойласа керек. Тараздағы туыстарының үйінде жасырынып жатқан жерінен қолға түсті. Басты «герой» ресейлік «Бригада» сериалының «фанаты» болып шықты. Ғаламтордағы жеке парақшасы «Бригаданың» баскесерлерінің суретіне толы. Әрі шетелдік боевик кинолардың басты кейіпкерлерін де өзіне «пір» тұтады екен. Жіптің ұшын ұстап берген де осы. Ғаламторға «ғашық» жігіт күні-түні әлеуметтік желілерді ақтарып, төңкеріп өзіне ермек іздесе керек. Ақыры ұрыстың басы да осыдан басталған. Не жұмыс жоқ, не оқу жоқ әлемді алақандағыдай шарлататын шағын құрылғыдан ермек іздесе керек. Ақыры осы ғаламтор өзіне «тор» тауып берді. Қолға түскен баскесер «қатып киініп» алған. Адам өлтірдім-ау деген ойына кіріп те шықпайтындай. Шіреніп тұр. Біреудің өрімдей баласының қанын мойнына жүктегенімен жұмысы жоқ. Сол күні интернетте керісіп қалғандармен есеп айырыспаққа барғанын мойындап отыр. Тек аспанға оқ атып оларды үркітпек болыпты. Ол ауаға қарап оқ атса, қаңғыған оқ қалайша адамға тиіп кетеді? Түсініксіз. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әлгі «батырсымақтың» шашбауын көтерген 4 күдікті де көп ұзамай қолға түсті. Өзін бүгінгінің батырынша сезінетін басты кейіпкер фотошоп жасап, бірде Сильвестер Сталлоне болып көрінсе, енді бірде қару ұстап, қасқайып тұрған суретін жеке парақшасында толтырып қойған. Қаруды аса жақсы көретіні көзге бірден шалынады. Тіпті ғаламторды ақтарған тәртіп сақшыларының өзі күдіктінің «Бригада» сериалын сұмдық сүйетінін бірден байқаған. Осылайша баскесер фильм бүгінгі жастардың бүкіл өміріне балта шауып жатыр... Сотта күдіктілердің күнәсі дәлелденген жағдайда оларға 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.
Данияр Мейірханов, Әл Фараби аудандық Ішкі Істер бөлімінің бастығы:
- Басты күдіктінің жеке парағын ашқанда оның баскесер фильмдерді аса ұнататыны байқалды. Жіптің күрмеуін шешкен де осы ғаламтор болды. Күдікті қолданған қару әлі табылған жоқ. Іздестірілу үстінде.




Көрілген: 2697    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.01.2014, 13:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қаңтар, 23:37
    Ақшаның азабы
    28 Желтоқсан 2021
    Өмірді жалмаған селфи

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31