Мәселе

Бірлігі жарасқан елде халықтың әл-ауқаты көтеріледі

  • © Sputniknews.kz.

    © Sputniknews.kz.

Елдің тыныштығы қашанда бағалы


Әлібек АСҚАРОВ, ақын:


– Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларында болып жатқан жағдайлар отандастарымызды терең толғандыруда. Бұл оқиғалар бейжай қарайтын жағдай емес. Әркез Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілейміз. Елдің тыныштығы қашанда бағалы. Кімде кім болсын, балаларымыздың, немерелеріміздің болашағы, заманы тыныш болса екен дейміз. Біз тәуел¬сіздігімізді алғанымызға 28 жыл болды. Осы уақытта біз өзіміздің бостанды¬ғымызға, қауіпсіздігімізге, демократияға қол жеткіздік. Ең бастысы, біз өсіп-жетілдік.


Бірлігі жарасқан елде ғана халықтың әл-ауқаты көтеріледі


Күнсұлу ШАЯХМЕТОВА, театр және кино актрисасы:


– Сайлаудан кейін болған жағымсыз оқиғалар жұрттың әбігерін туғызды. Енді өткен өтті, болған іс болды. Неге мұндай оқиға орын алды? Бізді бұл сұрақ алда да талай ойландырары анық. Ендігі жерде, Қазақстан халқы бірлігімізді нығайтып, еліміздің бүгінгісі, болашағы, ұрпақтарымыздың келешегі үшін елде бірлік пен бейбіт өмір болуына біркісідей күш жұмсауымыз керек. Теқ қана өмірі бейбіт, бірлігі жарасқан елде ғана халықтың әл-ауқаты көтеріліп, алға жылжиды.

Өз басым, қазақ жастары арандап қалмасын, жамандыққа ұрынбасын деп тілеймін.


alashainasy.kz/




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.06.2019, 17:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31