Мәселе

Бірінші қаңтардан кейін кімдер телефонынан айырылып қалуы мүмкін?

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

2019 жылдың 1 қаңтарына дейін СИМ-картаны өз атына рәсімдемеген қазақстандықтар Жаңа жылдан кейін телефонынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ақпарат және коммуникациялар министрлігі телекоммуникация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий Ярошенко ескертті, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан тілшісі.


Ярошенконың айтуынша, Қазақстанда азаматтардың көбі өз атына рәсімделмеген СИМ-картаны пайдаланады. Мәселен, біреулері оны сыйлыққа алса, енді біріне жұмысынан алған және тағы сол сияқты. Мұндай адамдар Жаңа жылдан кейін қолдарындағы телефонынан айырылып қалуы мүмкін. Себебі 1 қаңтардан бастап телефон автоматты түрде құрылғыға орнатылған СИМ-картаға тіркеледі.


"Егер СИМ-картаны уақытында өз атыңызға рәсімдемесеңіз, телефоннан айырылып қалуыңыз мүмкін. Себебі құрылғыны соның ішіндегі СИМ-картаға тіркейді. Мәселен, сіз өзіңізге сыйға тартқан СИМ-картаны пайдаланып жүрсіз делік. Оның кімнің атына рәсімделгенін де білмейсіз. 1 қаңтардан бастап сіздің телефоныңыз жаңағы СИМ-карта рәсімделген адамға тиесілі болады", — деп түсіндірді Ярошенко.


Ол СИМ-картаның иесі одан телефонды тартып алуға құқылы екенін атап өтті.


"Сіз телефонның қорабын көрсетіп, оның өзіңізге тиесілі екенін дәлелдеуіңіз мүмкін. Бірақ, СИМ-карта иесінің телефонды сізден тартып алуға толық құқы бар, себебі құрылғы мәліметтер базасында оның атына тіркелген. Осыдан кейін дау туып, түсініспеушіліктер басталады. Осындай келеңсіз жайттарға жол бермес үшін, сіздерге тіркелуге уақыт беріліп отыр", — деді ол.


Телефонды қалай тіркеуге болады?


Сондай-ақ, ол Жаңа жылдан кейін телефон сатып алғандар не істеу керек екенін түсіндірді.


"СИМ-картаны орнатып, операторға бірден өз ЖСН-ды жіберуіңіз керек. Тек осыдан кейін ғана байланыс қосылады", — деді Ярошенко.


 




Көрілген: 1139    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.12.2018, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30