Мәселе

Біртіндеп қалыпты өмірімізге көшуіміз керек – Бас санитарлық дәрігер

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шаралары біртіндеп босаңсуы керек. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

"Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шаралары біртіндеп босаңсуы керек. Осы орайда біз біртіндеп қалыпты әрі жайлы өмірге көшуіміз керек. Дегенмен карантиндік шарларды жеңілдету кезең-кезеңмен іске асырылады, яғни жағдайға қарай болады", - деді А. Есмағамбетова.

 

Осы орайда ол карантин шаралары індетке шалдығудың күрт өсуіне тосқауыл болғанын, медициналық жүйеге жүктемені азайтқанын жеткізді.

 

«Карантиндік шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Бірінші кезекте адамдардың тығыз әрі ұзақ қарым-қатынасы байқалмайтын нысандар іске қосылуда. Осыны ескере отырып, тиісті қаулыда алгоритмді айқындадық», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, А. Есмағамбетова карантиндік шаралар өзінің нәтижесін бергенін атап қтті. Соңғы екі аптаның барысында тұрақты эпидемиологиялық жағдайды тіркелген.

 




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 17:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30