Мәселе

Бұдан былай экс-жемқорларды жұмысқа алғандарға 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

  • Бұдан былай экс-жемқорларды жұмысқа алғандарға 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

    Бұдан былай экс-жемқорларды жұмысқа алғандарға 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

ОКҚ өткен онлайн-брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов елімізде бұрынғы жемқорларды жұмысқа алғандарға 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынатынын айтты деп хабарлайды  KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Бектеновтің сөзіне сүйенсек, бұрынғы жемқорды жұмысқа алған мемлекеттік орган немесе ұлттық компания жетекшісіне 100 АЕК айыппұл салынады. Осы ретте ол бұл соманы жұмыс орнының есебінен емес, өз қалтасынан төлеуі керек. "Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауға тыйым салу туралы талап тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдарға қатысты болатын. Енді осы жылдың басынан бастап Еңбек кодексіне енгізілген түзетулер бойынша сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды квазимемлекеттік сектордың кез келген лауазымына қабылдауға толық тыйым салу енгізілді", - дейді Бектенов.

Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысында лауазымды тұлға мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген еді. Сонымен бірге, қашықтан оқыту кезінде балаларды компьютермен қамтамасыз ету үшін бөлінген қаражатты жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын жазған болатынбыз. Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров Жамбыл облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді. 




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 01:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31