Мәселе

Бұдан былай мекемелер азаматтардан анықтама талап етпейді

  • © Azh.kz

    © Azh.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Digital office Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің азаматтардың мекенжай анықтамасын алудан бас тарту туралы бастамасын қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Digital office-ке сілтеме жасап.


Қазіргі тетіктер аясында, егер заңды тұлғаға немесе мемлекеттік органға ақпарат қажет болса, олар осы азаматтың анықтамасын өздігінен бір реттік пароль немесе мобильді азаматтар базасы арқылы ала алады.


ЕХӘҚМ Digital office қызметтері аясында деректерді азаматтардың қатысуынсыз алу үлгісіне өтеді. Енді азаматтан еңбек жағдайы (жұмыссыздық) туралы анықтаманы талап еткен ұйым оны қызықтыратын ақпаратты жеке тұлғаның тікелей қатысуынсыз алуы тиіс.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мынадай мәлімдеме жасады:


«Бізде адамдардың жұмыссыз екенін айғақтайтын анықтама бар. Осы бастама аясында аталмыш анықтаманы жоюды мақсат етіп қойдық. Ол мектеп, банк, сот және т.б. бірқатар мекемелер үшін қажет. Барлық бағыттар бойынша биыл осы анықтаманы алу қажеттігін тоқтату үшін тиісті өзгерістер енгіземіз».


Н. Мұқышев азаматтардың өзі туралы жеке деректерді алуға келісімді sms-хабарлама көмегімен бере алатынын түсіндірді.


 




Көрілген: 1006    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 15:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31