Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

21 қаңтар 2022, 08:01

Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАпарат.

 

«2022 жылғы 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады»,-делінген хабарламада.

 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.