Мәселе

"Бүгінгі жүйе – қаскөй жүйе": Бекболат Тілеухан қатты айтты

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Қазақстандағы білім беру жүйесін қатаң сынға алды.


"Мәселе жүйеде. Жүйе – қаскөй жүйе. Мұндай жаман жүйе жоқ. Талай проблема бар. Жұмыссыздықты айтып жатырмыз. Жемқорлықты айтамыз. Масылдық дейміз. Елімжандықтың жоқтығы дейміз. Осының бәрі де проблема шығар. Бірақ бұл білім жүйесінен маңызды проблема біздің ұрпақ үшін жоқ", - деді Бекболат Тілеухан Qazaqstan телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында.


Мәжіліс депутатының пікірінше, келешек ұрпақ үшін білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту керек.


"Адамның өмір жолының табалдырығы мектеп болса, мектептің жаны мұғалім болса, мұғалімнің құралы оқулық болса, оқулықтың басы оқу бағдарламасынан басталатын болса, осы бүкіл циклді жасаған кезде, білесіз бе қандай жүйемен жасалып жатқанын? Ал енді бұл жерде жүйені түбегейлі өзгерту керек. Жүйе өзгермей, бұл дау – ешқашан таусылмайтын дау", - деп кесіп айтты ол.


Ал "жүйені кім өзгертуі керек?" деген сұраққа Бекболат Тілеухан халық өзгертуі тиіс деп жауап берді. Жүргізуші "ол министрдің қолында емес пе" деп еді, мәжіліс депутаты жаңадан келген білім министрі мен вице-министрге де айту қажеттігін атап өтті.


sputnik 




Көрілген: 2254    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31