Мәселе

"Бүкіл халықтың абыройын төктің": Якутия халқы Азамат Мұсағалиевке реніштерін білдірді

  • "Бүкіл халықтың абыройын төктің": Якутия халқы Азамат Мұсағалиевке реніштерін білдірді

Шоумен, тележүргізуші Азамат Мұсағалиев Якутия тұрғындарынан "Однажды в России” әзіл-сықақ шоуында түсірілген комедиялық скетчі үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шоумен скетчті жасаған бүкіл команданың атынан кешірім сұрады.

"Шын мәнінде, ойдан шығарылған әзілге бұндай реакция болады деп ойламадым. Бірақ жағдайды одан әрі ушықтырмау үшін бұл әзілдің сәтсіз болғанын айтқым келеді. Енді мұқият боламыз. Якут әйелдері, сіздер кереметсіздер. Ер адам әрқашан өз қателіктерін мойындауы керек, мен өзімдікін мойындаймын", - деді ол.

Шілде айының басында якут ақпарат құралдары TikTok әлеуметтік желісінде таралған TNT арнасындағы "Однажды в России" шоуының ескі шығарылымынан алынған комедиялық көрініске назар аударды. Видеода Мұсағалиев якуттық ер адамды ойнайды. Ол орыс батырынан қашуға тырысады. Алайда өлімнен құтылмайтынын білген соң, жынысын әйелге өзгертетінін айтады. 

"Күте тұрыңыз жас жігіт. Не болып жатқанын мен түсінер емеспін. Сенің әйелге қол көтеруге қандай құқың бар? Мен якут әйелімін, әдемі емеспін әрине, бірақ әйелмін”,- деген еді әзілкеш.

Якут ұлтының өкілдері бұл қалжыңға ашуланып, наразылықтарын білдірді. PRanya Якутия телеграмм-каналының авторлары Мұсағалиев "бүкіл халықтың абыройын аяққа таптадың" деп жазды. Ал "Ус Тумсуу" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Иннокентий Макаров видео хабарлама жазып, әзілкештің кешірім сұрауын немесе  Якутияға келуін талап етті.

"Ресей – көпұлтты мемлекет. Біздің аталарымыз бен әжелеріміз Отанымызды қорғады! Азамат Мұсағалиев, сіз бүкіл саха халқын қорладыңыз. Сіз біздің аналарымыздың, әжелеріміздің, апа-қарындастарымыз бен қыздарымыздың абыройын аяққа таптадыңыз", - деді ер адам.

Сондай-ақ, Якутск қаласының мэрі Евгений Григорьев ресейлік тележүргізушіге бұл ісінен кейін қалаға келмеуге кеңес берді.

“Мен Азамат Мұсағалиев қатты қателескенін анық айта аламын. Өзінің әзілінің деңгейінің соншалықты төмен екенін көрсетті. Кешірім сұрап, жолы болды десем болады. Менің халқым бұл кешірімді қабылдады деген ойдамын. Бұл адам туралы қорытынды шығарып, өте жаман әрекет жасады деп санаймын”,- дейді Григорьев.

Қала басшысы Мұсағалиевке Якутскке "өзінің қауіпсіздігі үшін" келмеуге кеңес берді. Видеодан кейін оны ешкім күтпейтінін айтты.




Көрілген: 6529    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 12:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30