Мәселе

"Бұл - әділетсіздік". Covid-19-бен ауырған жедел жәрдем қызметкері төлемақы алмағанына наразы болды

  • "Бұл - әділетсіздік". Covid-19-бен ауырған жедел жәрдем қызметкері төлемақы алмағанына наразы болды

Алматыда жедел жәрдем қызметкері медицияна қызметкерлеріне арналған төлемақы алмағанына шағымданды. Оның айтуынша, өзі жұмыс істейтін бөлімнің 20-ға жуық қызметкері коронавируспен ауырған, олардың бірі қайтыс болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео желіде 20 қазанда пайда болды. Роликтің авторы өзін жедел жәрдем қызметінің қызметкері Саяра Набидинова деп таныстырды.

"Мен ақпараттық-диспетчерлік бөлімде бас дәрігер болып жұмыс істеймін. Жұмыс өтілім 20 жылдан астам. Осы жылдың мамыр айында біздің бөлімде індет болды. Бірден 20-дан астам адам коронавирустық инфекциямен ауырды. Олардың ішінде төрт аға дәрігер, қалғандары орта медициналық қызметкерлер. Бірімізден соң бірімізді қаладағы стационарларға жатқыза бастады. Мен ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасына түстім, ол жерде 10 күн жаттым. Содан кейін тағы 14 күн карантинде болдым. Теріс нәтижелі ПТР тестінен соң бізді жұмысқа жіберді", - деді роликтің авторы.

Сара Набидинованың айтуынша, медицина қызметкерлері жұмыс орнында коронавирус жұқтырған, бірақ ешқандай төлем алмаған.

Ол өз үндеуін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға, сондай-ақ Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасына жолдады.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының "жедел медициналық жәрдем қызметі" ШЖҚ КМК № 7 қосалқы станция қызметкерлерінің хабарламасына жауап берді. Онда Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің "Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы"бірлескен бұйрығы туралы еске салды. Құжаттың екінші тармағында төлемдер төленетін медицина қызметкерлерінің санаттары көрсетілген.

"Аурахананың бұл қызметкерлері, атап айтқанда ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімнің аға дәрігерлері, шақыруларды қабылдау және беру жөніндегі фельдшерлер, шаруашылық бойынша мейірбике, санитарлар бұйрықтың екінші тармағындағы қызметкерлерге кірмейді", - деп түсіндірді басқармада.

Айта кету керек, коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда төлемақы жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлеріне, сондай-ақ жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілеріне тиесілі.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрігерлердің төлемдеріне өтініш рәсімдеу кезінде қандай қиындықтар туындағанын айтқан еді.




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 15:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30