Мәселе

Бұл бірнеше күнге созылуы мүмкін - Шүкеев Арыстағы жарылыстар жайлы

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Басынан бастап біз ТЖК-мен, Қорғаныс министрлігімен бірге тиісті іс-шараларды іске асырып жатырмыз. Арыс қаласында 45 мың адам тұрады. Оқиғаның ауқымын көре отырып, бүкіл қаланы эвакуациялауды шештік. Қаланың бағытын ескере отырып, қай жаққа көшіру туралы шешім қабылданды. (...) Менің ойымша, бұл дұрыс шешім болды. Өйткені ауқымы орасан және бұл бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бізге қауіпсіздік мақсатында адамдарды көшіру қажет болды", - деді Түркістан облысындағы брифингте Өмірзақ Шүкеев.


Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.


Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.


Қала әкімдігінің мәліметінше, Арыс қаласынан тұрғындарын эвакуациялау жалғасып жатыр.


Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адамдар бүкіл отбасымен кетіп жатыр екен. Қала жолдарында кептелістер пайда болған.


 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 22:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31