Мәселе

Бұл не сұмдық?! Мектеп дәптерінің бағасы 16 мың теңге

  • © Sputnik / Дмитрий Виноградов

    © Sputnik / Дмитрий Виноградов

Алматы тұрғыны екінші сыныпта оқитын баласына 16 мың теңгеге жұмыс дәптерін сатып алды, деп хабарлайды sputnik тілшісі.


Бүгінде екінші сынып оқушылары математика, музыка, орыс тілі, жаратылыстану, мәнерлеп оқу ("Алматыкітап" баспасы), өзін-өзі тану, әлемді тану, еңбек сабағы, ағылшын және қазақ тілі пәндерінен "Көкжиек-горизонт" баспасы) арналған жұмыс дәптерін сатып алуы қажет екен.


"Тиісті жұмыс дәптерлерінің тізімін сынып жетекшісі берді. Бәрі сатып алу үшін дүкенге бармас бұрын дәптер алайын деп шештім. Бірақ бағасын көріп шошып кеттім. 10 дана жұмыс дәптері дүкенде 16 мың теңге тұрады. Ата-аналар базарда бұл заттар 6500 теңге тұратынын айтады", - дейді алматылық.


Ол "Көкжиек-горизонт" баспасынан шыққан қазақ тілін оқытуға арналған "Балапан" жұмыс дәптерінің ең қымбат екенін жеткізді. Оның құны – 5500 теңге.


"Бір жұмыс дәптерінің бағасы - 5500 теңге. Бұл – өте қымбат. Бұл дәптерді базардан 3500 теңгеге сатып алуға болады. Бірақ онда қағаздың сапасы басқаша, әрі дәптердің бояуы қанық емес", - деп әйел әңгімесін жалғастырды.


Жұмыс дәптерлерінің бағасын неге қымбат екенін білу үшін Sputnik Қазақстан тілшісі "Алматыкiтап баспасы" компаниясының президенті Гауһар Саймасаеваға хабарласты.


Оның айтуынша, баспа 5 пән бойынша (математика, музыка, жаратылыстану, орыс тілі және мәнерлеп оқу) жұмыс дәптерін шығарады. Дәптердің жиынтық бағасы 4380 теңге. 4 пән бойынша (музыкадан басқа) дәптердің бағасы 2000-4000 теңге шамасында. Оның ішінде ең қымбат дәптер математика және орыс тілі пәнінен екен. Әр дәптердің құны 1150 теңге.


"Басқа баспа үйі шығаратын жұмыс дәптерінің бағасы туралы айта алмаймын. Бірақ біздегі дәптердің бағасы 4000 теңгеден аспайды. 5 пән үшін бұл әділетті баға. Себебі, бүгінде ақ альбом парағы шамамен 2000 теңге тұрады", - дейді баспа үйінің басшысы.


"Көкжиек-горизонт" баспа үйі шығаратын жұмыс дәптерлерінің ресми бағасы – 3 950 теңге. Ал дәптердің құны – 1000-2000 теңге аралығында.


Сондай-ақ, баспа үйінің басшылары өз өнімдерінің бағасының өсуіне жауап бере алмайтынын жеткізді. Әсіресе, тауарды алып-сатарлар болған кезде бағасын нақты айту қиын. Баспа үйі мен олардың ресми және бөлшек сауда дүкендердегі кітаптар мен жұмыс дәптерінің баға айырмашылығы 30%-ке дейін жетуі мүмкін.


Сонымен қатар баспа үйлері бастауыш сыныптарға арналған оқулық пен жұмыс дәптерін базардан сатып алуға кеңес бермейді. Себебі, онда жасанды өнімдер көп. Сатушылар оқулық пен жұмыс дәптерінің қағазы мен бояуына жауап бермейді.


Айта кетейік, осыған дейін ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқулықтарын шығаратын баспа үйлеріне жауапкершілікті күшейту қажеттігін айтқан. Ол оқулық мазмұнының сапасын көтеру қажет деген пікірде. Оның айтуынша, егер баспа үйі шығарған оқулықтардан қате табылса, компания өз қаржысына қайта басып шығарады.


 




Көрілген: 1764    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 19:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31