"Бұл оба және апокалипсис емес": Біртанов коронавирус жайлы айтты
Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды коронавирустың ел бойынша таралуына жол бермеу үшін қолға алынған шаралардан қорықпауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елжан Біртанов "Еуразия" телеарнасындағы cұхбаты барысында қауіпті инфекцияның таралатынын мойындады. Бірақ оның айтуынша, одан қорқудың қажеті жоқ, өйткені коронавирус, оба мен апокалипсис емес. Бұл қауіпсіздік шараларын сақтап, қорғануға болатын инфекция.
Алайда вирусқа немқұрайлы қарауға болмайтынын да атап өтті.
"Бірақ бұл ақырзаман емес. Ауру өзінің шыңына жетіп, төмендей бастайды. Карантиндік шаралар өз әсерін береді. Міндетті түрде", - деп сендірді Біртанов.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирусты анықтау үшін қосымша зертханалар ашылатынын мәлімдеді, алайда оның айтуынша, емханалар мұндай қызметті көрсетпейді.
Естеріңізге сала кетейік, ІІМ қалаға кіруге кімге рұқсат берілгенін хабарлаған еді.