Мәселе

Бұрын жемқорлығы үшін сотталған адам «ҚазАвтоЖолда» басшылық қызмет атқарған

  • © Molnet.ru

    © Molnet.ru

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы басшысының орынбасарының бұрын жемқорлықпен сотты болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ақмола облысы жемқорлықтың алдын алу басқармасы өңірде жемқорлық тәуекелдеріне қатысты талдау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Ақмола облысы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы басшысы орынбасарының бұрын жемқорлық қылмысын жасағаны анықталды. Басқарманың араласуымен әлгі лауазымды тұлға мемлекеттік қызметтен кетіп тынды», - делінген Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Сонымен бірге, филиалдың жұмысында бірқатар жемқорлық тәуекелдерінің бары белгілі болған. Атап айтқанда, филиал жұмысшыларының нысандарға шығуы бақыланбайтыны, мердігерлермен тікелей байланыс орнатып, жол қызметі нысандарын орналастыру бойынша «жасырын» қызметтер көрсеткені анықталған.


«Жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында басқарма тиісті кеңестерді жолдады», - делінген хабарламада.


 




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

жұма, 02.08.2019, 18:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31