Мәселе

Бұрынғы 63 мың теңгенің жәрдемақысы енді 103 мыңға өседі

  • © Dalanews.kz

    © Dalanews.kz

Алматыда жаңа форматта көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Алатау ауданына күніне 100-ге жуық адам кеңес алуға келеді екен. Көбінесе қажетті құжаттардан бөлек, тұрғындарды төлем жүргізу мәселесі қызықтырады.


«Бұл көмекті көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, отбасының табысы жан басына шаққанда күн көріс деңгейінің 70 пайызынан төмен, яғни 21 172 теңгеден төмен болса, сол кезде тағайындалады. Ол тек көпбалалы отбасыға емес, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына қатысты», - дейді Алматы қаласы Алатау ауданы Әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы Ләйлә Оразбаева.


Басқармада айырмашылықты 4 баласы бар ана мысалында түсіндіруде. Бұған дейін мұндай отбасы атаулы әлеуметтік көмекті 63 мың теңге көлемінде алса, ал сәуірден бастап оның мөлшері 103 мың теңгеден асады.


Жәрдемақыдан бөлек, ауылда тұратын көпбалалы отбасылар өз ісін бастау үшін грант және шағын несиеге үміткер бола алады. Оның көлемі 500 мыңнан 20 миллион теңгеге дейін жетеді.


 almaty.tv




Көрілген: 626    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31