Мәселе

"Біз әкімге сенбейміз": Алматы облысының тұрғындары қиын жағдайда тұрып жатқандарын айтып ашынды

  • "Біз әкімге сенбейміз": Алматы облысының тұрғындары қиын жағдайда тұрып жатқандарын айтып ашынды

Алматы іргесінде балалары бір мектепте төрт ауысыммен оқитын тұрғындар шу шығарды. Өйткені, кейбірінің сабағы үште басталып, түн жарымға дейін жалғасады екен. Оқушылар білімді инемен қазуға әзір. Тек, қуыс-қуыс көшелерден өтіп, итке таланып, балшық кезіп әрең жетеді. Ішкен суымыз да ащы, лас, жерден қазып отырмыз дейді. Ол түгелі көшелерінің атауы да болмай тентіреп жүр. Бірақ, әкімдері тұратын көшеде бәрі бар деп таңқалуда.


Іргелі ауылдық округіне қарасты аты жоқ ауыл жұртының мұнда тұрып жатқанына 15 жалдан асса да, шешілмеген мәселелері шаш етектен. Шенділер талай мәрте бәрін қатырамыз деп уәдені үйіп-төккенімен, айтылған сөз сол күйі қалған. Округ басшысы Қәдірбек Атшабаров уәдесінде тұрмақ түгілі, үш жылдан бері төбесін көрсетпей қойды деп ашулы жұрт, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».


Әкімдер намыстанып қайтеді? Қалтасы жетеді. Мына жерден әкімшіліктен кетсе, тағы басқа жерге әкімдікке барады ол. Оның қалтасы түгел. Халықты ойлаған әкім болса осыны істетпей ме? Біз әкімге сенбейміз!» - дейді тұрғындардың бірі Мұса Исраилов.


Көшелеріне де атау берілмеген. Жұрт жедел жәрдем шақыртсақ базардың арты, дүкеннен оңға, сайдан өтпей, көпірге жетпей деп түсіндіріп әлек боламыз дейді. Бұл жақтың сырын жақсы білетін дәрігерлер кейде келмей діңкелетеді екен. Ондайда халі мүшкіл болса да олар ауруханаға өз аяғымен баруға мәжбүр. Халықтың жанына тағы бір бататыны ешқандай тізімге кірмегендері.


Біз сайлауға қатыспағанбыз. Тізімде жоқпыз. Алдында президент сайлауында баламыз екеуіміз өзіміз бардық, патриот болған соң. Тіпті, сұрасаңыз әкім неше отбасы тұратынын білмейді», - дейді тұрғын Хамит Бисенов.


Жарықты жұрт базардан сатып алады. Кәсіпкерлер үстеме бағамен килоВатын 30 теңгеден береді. Оған да шүкір деп отыр. Ал бір ұрттам тіршілік нәрі үшін жер қазады. Лас суды сүзгіден өткізіп, тұндырады. Содан кейін ғана ішеді. Оның жарамды не жарамсызын тексерген тірі жан жоқ.


«Жарық коммерциялық. Жарықтан басқа ештеңе жоқ. Айдалада қалған ауылмыз. Қойшылардың ауылы жақсы шығар бізден», - дейді тұрғын Несіпгүл Алпысбаева.


Шөліңді қандырар су болмағанмен, тізеден келетін су кешеді жұрт көктем шықса. Арық жоқтың кесірінен көшелері көлге айналады. Қуыс-қуыс аулаларда лабиринтте бірін-бірі іздеген кісідей көлік пен адам тығылыспақ ойнайды. Дәл осы жолдармен атауы жоқ ауылдың балалары мектепке қатынайды. Төрт-бес шақырым жаяу жүріп, үсті-бастарын былғайды кеп. Төрт ауысыммен оқитын оқушылардың түн жарымда итке таланған кездері де болыпты.


«Біреу-міреу келіп: «Жол қалай? Балаларыңыз мектепке қалай барып жатыр?» - деп сұрап жатқан жоқ. Көрген емеспіз әкімді. Былтыр әкімнің үйіне де барып көрдік. Әкімнің жолы ғана бар. Басқаларының жолы жоқ. Асфальт әкімнің жолы», - дейді тұрғын Хамида Атайбекова.


Ал Іргелі ауылдық округі әкімі Атшабаровтың тұратын көшесінің жері құрғап, жолы жылтырап жатыр. Атынан да шатыспайсың. Әкімнің әкесі Атшабардың құрметіне беріліпті. Өзі мына көшенің ең төменгі бөлігінде тұрады екен. Сонда көшеге кіре сала асфальт төселген. Бірде-бір шұрық көрмейсің.


Көшесіне көзіміз тоймай, әкімнің өзін көруге әкімдікке де бардық. Жолықтыра алмадық, демалыста екен. Міндетін атқарушы шенеунік бұл жерлер кезінде ауыл шаруашылығына арналып, атаусыз қалған дейді. Жұрт өз беттерінше үй тұрғызып, артынша, бір ауылға айналыпты. Су жақын күні тартылмайды. Жарық құны да өзгеріссіз қалмақ. Ал мектептің құрылысы биыл басталады, қуантарлығы сол. Шенді жолға келгенде қаражат жоқ, кәсіпкерлерге алақан жайып отырмыз деп бірден сөздің ашығын айтты.


«Осы жылы жұмыстар басталған кезде, мердігер мекеме бастайды жұмысты. Бұл демеушілік түрінде жасалады. Біздің тараптан аудандық жол қатынастар бөліміне хат әзірленген. Ол бойынша 4-7 квартал. Ол бақылауымызда тұр», - дейді Іргелі ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ескендір Егеубек.


Айтпақшы, демалыстағы әкімнің әкесі округтегі ең құрметті азаматы екен. Баласы басшы болмай тұрып, есімі көшеге беріліп қойыпты. Ал ұлы жұмсақ креслоға отырған соң жол төселген. Онда да, екі жыл жүгірген соң ақыры асфальт түсті дейді. Бірақ, жұрт ойлағандай әдейі жасалған дүние емес, бәрі кездейсоқ осылай болғанын айтады шенді. Ал 15 жылдан бері жол, жарық, сусыз отырған халық әкім-қаралар жарғақ құлақтары жастыққа тимей дәл солай жүгірсе, талай мәселе шешілер еді дейді.


stan.kz




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31