"Біз де ыңғайсызданамыз": Желіде ауыл атауы талқыға түсті

"Біз де ыңғайсызданамыз": Желіде ауыл атауы талқыға түсті

Өңірде Бәйдібек ауданына қарасты "Шалдар" деген ауыл бар. Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі қолданушылары ауыл атын қызу талқылауда. Арасында сөздің түбірі "шал" екенін айтып, әжуаға айналдырып жатқандар да бар.

 

Sputnik Қазақстан тілшісі жергілікті әкімдікке хабарласып, ауыл халқының тыныс-тіршілігі туралы сұрады. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары бұл атаудың қайдан шыққанын айтып берді.

 

"Шалдар" ауылы Бөген ауылдық округіне қарайды. Ауылда 500-ге жуық үй бар, 2,5 мыңға жуық адам тұрады.

 

 

"Шалдар ауылы тұрғындарының басым бөлігі көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде мал және егін шаруашылығына ден қойған", – дейді Бөген ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қанат Қонысбеков.

 

Ал ауылдағы ардагерлер алқасының төрағасы Заманхан Аманжолов бұл атаудың қайдан шыққанын егжей-тегжейлі айтып берді.

 

"Шалдар" совхозы 1944 жылы құрылған. Оған дейін Сталин совхозының бөлімшесі болды. Бізде Ұлы жүздің сіргелі руының ішінде шалдар деген ру бар. Соның атына беріліп, солай аталып кетті. Содан кейін бірнеше рет атауын өзгертеміз деді, бірақ болмай қалды. Егемендік алғаннан кейін де 1-2 жыл бұл мәселе қозғалды", – дейді Аманжолов.

 

Алайда, ауылдың атын қандай атқа ауыстыру туралы жергілікті тұрғындардың нақты ұсынысы жоқ. Тек, қазақтың небір көрнекті азаматы бар екені айтылды.

 

"Ауыл атын өзгертуге ынта да жоқ. Бір айтылып, содан өзгеріссіз қалды. Ауылда шалдар руынан шыққан 15 үй ғана бар. Ал енді бұл атауға ешкімнің де қарсылығы жоқ. Бұл тарихи атау. Ауыл атынан біз де ыңғайсызданамыз. Басында ауылда шалдар руы тұрған. Кейіннен орыс, неміс, иран, шешен ұлты келіп, "Чалдарский" болып кетті. Оған ешкім көңіл аударған жоқ", – дейді ардагерлер алқасының төрағасы.

 

"Тарихи атауды өзгертудің қажеті жоқ"

 

Соған байланысты ауыл атауын өзгерту қажет пе, жоқ па деген сұрақпен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ономастика бөлімінің меңгерушісі Қыздархан Рысбергеннің пікірін білдік. Ғалым бұл атауды өзгертудің қажеті жоқ деп санайды.

 

"Қазақстанның картасында ру аты беріліп, тарихи атау ретінде қалыптасқан атаулар бар. Мысалы, Найманарық, Сіргелітау, Қанжығалы төбе... деп жалғастыра беруге болады. Бұл бұрыннан қалыптасып кеткен. "Шалдар" деген кілең шал тұратын ауыл емес, қалыптасып қалған атау. Оған тиісудің қажеті жоқ деп есептеймін. Солай тұрғаны дұрыс", – дейді Рысберген.

 

Маманның сөзінше, осы тектес этноним атаулар қазақтың тарихын, болмысын көрсетіп тұрады.

 

"Тәуелсіздік алғаннан кейін айтылып, кейінгі жылдары қойылған болса, жөні басқа. Ал бұл – этноним атау. Мұндай атаулар тарихи болмысты көрсетіп тұрады деуге болады. Бұл біздің ғана тарихымызда бар жағдай емес. Халық, ру-тайпаның атауын бір жерге, елді мекенге беретін жағдайлар жиі кездеседі. Бұл жерде тілдің әмбебаптық қасиеті жатыр. Халық, ұлыс болған соң, қандай да бір ру-тайпа сол жерді мекендеп тұрған соң соның атымен қалады. Аталым ретінде тұрақталады", – дейді Қыздархан Рысберген.

 

Ғалым Молдавия жерінде "Қоңырат", Әзербайжанда "Қазақ" деген атаудың бар екенін мысал ретінде көрсетті.

 

Жердің аты – тарихтың хаты. Бұл – тарих. Мұндай атаулар кездеседі. Қазіргі кезде ру-тайпалардың атын қоймау керек. Ал тарихи қалыптасқан атаулар қала беруі қажет, деп түйіндеді ғалым.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста