Мәселе

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

  • "Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

Оқиғаға куә болған басқа жүргізуші өрт сөндіру көлігі өзін басып озбақ болғанын, алайда сол қанатқа соғылып, содан кейін бірнеше рет аударылып түскенін айтты. Қайғылы оқиға кеше сағат 19.00 шамасында Батыс Қазақстан облысындағы тас жолда болды, деп хабарлады "Мой город" сайты.

Апат куәгері, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі Жандарбек Ақбасов отбасымен бірге қалаға қарай бара жатқанда өрт сөндіру көлігі басып озбақ болғанын айтты.

"Екі баламмен қалаға қарай бара жатыр едім. Өрт сөндіру көлігі бізді басып озбақ болып, сол қанатқа соғылды. Біз аударылып қала жаздадық, алайда көлікті дер кезінде туралай алдым, ал өрт сөндірушінің көлігі жолдан ұшып кетіп, бірнеше рет аударылды. Қарсы жолда көлік келе жатты-ау деймін, бірақ ол оны күтпесе керек", – деді Жандарбек Ақбасов.

Алматыда бірнеше көлік соқтығысты – оқиға орнында түсірілген видео

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 46 жастағы азаматтық қорғаныс старшинасы апат салдарынан қайтыс болғанын хабарлады. №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Деркөл ауылына бара жатқан. Ол салонда жалғыз болған.
 




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

сенбі, 19.09.2020, 18:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31