Мәселе

Бізді қорғаудың орнына қорлайды: Қызылағаштық ағайындылар полицейлерден қысым көргенін жеткізді

  • Бізді қорғаудың орнына қорлайды: Қызылағаштық ағайындылар полицейлерден қысым көргенін жеткізді

    Бізді қорғаудың орнына қорлайды: Қызылағаштық ағайындылар полицейлерден қысым көргенін жеткізді

Алматы облысының тұрғындарының айтуынша, оларды полиция қызметкерлері арнайы жасақпен аяусыз тепкілеп, үстерінен жала жауып, соңында қылмысқа қатыстарың жоқ екен деп жібере салған. Жәбір көрдік деген азаматтардың сөзінше, оларды полиция бөлімшесіне жеткізгенге дейін бірнеше рет бастарынан теуіп, ұрған. Қолдарында миы шайқалғанын дәлелдейтін анықтамалары да бар екен. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Ағайынды Рахат, Саят Мұратовтарға Ақсу аудандық полициясының жедел уәкілдері 70 бас жылқыны ұрладыңдар, соны мойындарыңа алыңдар деп қысым көрсеткен.

 
"Бізді полицияға ұрып-соғып, заңсыз жеткізді" деген Саят пен  Рахат Мұратовтардың айтуынша, оқиға 21 қараша күні болған. 

"Полицейлер келіп, бас салып, ішінен адамдар шықты да маска киген адамдар бар, гражданский адамдар бар солар келіп ұрып жықты, содан кейін бастарыңды көтермеңдер деп, басымнан тепті, есімнен таңып қалыппын, жарты жолда кішкене жүріп тағы да тепкілеп жатыр екен", - дейді Қызылағаш ауылының тұрғыны Рахат Мұратов.

Саят Мұратовтың айтуынша, жылқы қайда, мал қайда деп ешқандай дәлел-дәйек көрсетпестен соққының астына алған.

Тіпті Жақсыбек есімді көршімізді де ұрып-соғып сол қожалықтың басында тастап кетті дейді ағайындылар. Оның да денсаулығына зиян келген, миы шайқалғанын дәлелдейтін қолында арнайы медициналық анықтамасы бар.

Ал полиция департаменті ағайынды азаматтар полицияға күдікке ілінген куә ретінде жеткізілгенін, олар өздері қарсылық көрсеткендіктен арнайы шара қолданылғанын жеткізді. 

"Азаматтардың полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуі салдарынан арнайы жасақ сарбаздары белгіленген тәртіпке сәйкес шара қолдануға мәжбүр болған. Қарсылық білдіру дерегі Ақсу ауданының полиция бөлімінде тіркелді", - дейді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Әбілтай Әбенов.

Бүгін күннің полицейлері қорғамайды, керісінше қорлайды деген ағайындылар облыстық прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік секілді барлық құзырлы органға арыз қалдырған.




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 11:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31