Мәселе

Бізде бірліктің аты ғана бар – Мұрат Әбенов

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бүгін елордада өткен "Ұлттық кеңес. Ұлттық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағылымы" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Мұрат Әбенов еліміздегі бірлік мәселесіне тоқталы.

 

Біз үнемі біртұтастық, бірлік дегенді қайталап айтып келдәк. Бірақ оның мағнасына үңіліп, біздіе бірлік бар ма? жоқ па? деген сұрақ төңірегінде ойланған жоқпыз. Осы бірлік туралы Абай атамыз алтынша қара сөзінде керемет айтады. "Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес", дейді данышпан Абай. Қазіргі біздің де бірлік деп жүргеніміз ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен деген бірлік қана. Ал бұл бірлік емес екен, - деді Ұлттық кеңестің мүшесі.

 

Сонымен қатар ол еліміздегі бірлікті нығайтамыз деп құрылған түрлі бірлестіктер мен ұйымдарды сынға алды.

 

Қазір елімізде бірлікті насихаттаймыз деген қоғамдық ұйымдар мен түрлі бірлестіктердің жұмыстарын көріп жүрміз. Олардың бірлігі наурыз айында басталып, желтоқсанда аяқталады. Себебі, ортадағы екі айда ақша болмайды. Байқасақ біз осыларды бірлік деп жүр екенбіз. Ал, нағыз бірлік керек болған жерден әлгі ұйым өкілдерінің біреуі бой көрсетпейді, - деді Мұрат Әбенов.

 

Қоғам белсендісі Абай айтқан тірлік мәселесіне де тоқталды.

 

Абай әлгі алтыншы қара сөзін тірлік деген не деп жалғайды. "Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың, тірімін деме", дейді. Сондықтан тірлік қылу деген, білімді болу, парасатты болу, өз ойыңды айта алу екен. Біз тірі халақпыз. Енді бір шеңберде бірігудің уақыты келді ғой деп ойлаймын, - деді Мұрат Әбенов

 

Вaq.kz




Көрілген: 941    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.02.2020, 14:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30