Мәселе

Дәрігер "әуеден вирус шашқан ұшақтарға" қатысты пікір білдірді

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Ұшақпен вирус шашыла ма және дезинфекциядан екіжақты пневмония дамиды ма? Бұл сұрақтардың жауабын Фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Абзал Малбасқанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Заманауи тілмен айтқанда, осы тақырып бойынша хайп қуатын адамдар бар. Олар белгісіз тікұшақ, ұшақтар ұшып жүріп, пневмония тудыратын қандай да бір вирус пен ауруларды шашады дейді.

Тіпті логикалық тұрғыдан ойласақ, бұл мүмкін емес. Еуропалық ғалымдар Жер шарындаға коронавирус инфекциясының барлық мөлшерін жинаса, тіпті бір келіге толмайтынын айтқан. Ал енді елестетсек, бұл жердегі дезинфекция мөлшері қандай, ал вирустың салмағы - өте аз. Вирусты қалай себуге болады?", - дейді маман.

 

Сондай-ақ, ол дезинфекциялық заттардың "зияны" туралы айтты.

 

"Олар аллергия туғызуы мүмкін, онымен келісемін. Бірақ мұндай жағдай болмауы үшін, зарарсыздандыру жұмыстары адам жоқ жерлерде жүргізіледі және тұрғындарға үйден шықпау керегі ескертіледі", - деді дәрігер.

 

Еске салайық, бұған дейін қала үстінен ұшқан тікұшақтар қазақстандықтарды үрейлеткен болатын. Желіде қандай да бір затты шашып бара жатқан әуе кемесінің видеосы пайда болған.

 




Көрілген: 2291    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 21:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30