Дариға Назарбаева қазақ тіліне қатысты: Ғалымдардың өзі бас қатырып жүр

27 қыркүйек 2019, 16:26

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева заң жобаларын дайындау барысында мемлекеттік тілді қолдануға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Проблема жоқ емес, бар. Алайда, шындығына келсек, бұл мәселеде ешкімді кінәлай алмайсың. Қазақтардың өзі қай сөзді қалай дұрыс қолдану керектігін шеше алмай жүр. Ғалымдарымыздың өзі бір-бірімен келісе алмай жүргенде, мұндай мәліметтермен күнделікті практикада жұмыс істейтіндерден не талап етуге болады? Солай ма? Мұндай проблема бар", - деді Назарбаева сенатта заң шығару жұмысын жетілдіруге арналған парламенттік тыңдауда.

Сенат төрағасы бұл мәселені талқылауға шығаруды ұсынды.

"Әзірге қандай форматта екенін білмеймін, әріптестер, сіздер өздеріңіз ұсыныңыздар. Алайда бұл мәселе бүгінде жіті талқылау мен нақты ұсыныстар енгізуді талап етеді. Бұл жерде үнемі жауаптан гөрі сауал көп. Өміріміз де осымен қызықты шығар. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Біз барлығымыз халықтың өмірін жақсартуға мүдделіміз. Үкімет, парламент, сот жүйесі – барлығымыз бір міндетке жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Бұған дейін сенатор Мұрат Бақтиярұлы заң жобаларын қазақ тілінде жазуды ұсынған болатын. Оның айтуынша, атқарушы орган заң жобалары мен халықаралық құжаттарды мемлекеттік тілде дайындауға құлықсыз, атүсті қарайды.