Дариға Назарбаеваға тиесілі екі басылым жабылады

18 мамыр 2022, 16:47

Күні кеше «Караван» газеті мен 365info.kz сайты жабылатыны белгілі болды.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваға тиесілі екі басылымның жабылады. Бұл туралы  ақпаратпен Выход к правде TELEGRAM-арнасы жазды.

Еске салсақ, бұған дейін Дариға Назарбаева өзінің медиа-империясының тағдырын шешу үшін барлық қол астындағы қызметкерлері мен серіктестерін жинаған.

Оған КТК, 1-канал Евразия, НТК, Zakon.kz, 356.info, Retro FM, Europe Plus Қазақстан және басқа да отандық медиалар тиесілі.

Әзірге басылымдар ашық ресми мәлімдеме жасаған жоқ.