Мәселе

Дәстүрді бұрмалап ақ киізге көтеріп ұзатылған қыздың видеосы пайда болды

  • Дәстүрді бұрмалап ақ киізге көтеріп ұзатылған қыздың видеосы пайда болды

    Дәстүрді бұрмалап ақ киізге көтеріп ұзатылған қыздың видеосы пайда болды

Ақ киізге көтеріп хан сайлайтын дәстүріміз бар. Ал, осы дәстүрді бұзып, ақ киізге көтеріп қыз ұзатушыларға қатысты белгілі этнограф өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Қыз ұзату — қазақтың ежелден келе жатқан көне дәстүрлерінің бірі. Бірақ соңғы кездері әлеуметтік желілерде ерекше үлгіде ұзатылып жатқан қыздардың видеолары тарап кетті.
Instagram желісінде пайда болған видеода қалыңдықтың ақ киіз үстінде ұзатылып бара жатқанын байқауға болады. Бұл рәсімнің еліміздің қай өңірінде өткені белгісіз.

Белгілі этнограф Ахмет Тоқтабайдың айтуынша, қазақы дәстүрлерді бұрмалау қазір кең етек жайған.
"Келінді ақ киізге көтеріп ұзату дұрыс емес. Қазақтың салтында ондай болмаған. Қазір ел арасында салт-дәстүрге реформа жасаушылар көбейіп кетті. Ойларына келгенін істейді. Бұл барып тұрған надандық дер едім. Қазақта ақ киізге отырғызып тек ханды ғана сайлаған. Хандар ғана сол салтқа лайықты. Елден ерекшелену үшін осындай қадамға барып жатқандардың әрекеті ұят тірлік", — дейді Ахмет Тоқтабай.
Ахмет Тоқтабай дәстүрді бұрмалау тек қыз ұзатуда ғана емес, құдалықта да жиі кездесетінін айтады.
"Қазір құдалардың арасында белдік ауыстыру деген дәстүр пайда болыпты. Бір-екі тойдан осыны байқадым. Ол да дұрыс емес. Белдікті кезінде аңшылықта жүрген аңшылар ғана ауыстырған. Иен далада кездескен олар өзара келісіммен белдіктерін алмастырған. Ал, қазір сол аңшылардың рәсімін әкеліп тойға тығып қойды", — деді этнораф.




Көрілген: 1852    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 18:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31