Мәселе

Даулы видеодан кейін Қарағанды академиясының басшысы да жұмыстан қуылды

  • Даулы видеодан кейін Қарағанды академиясының басшысы да жұмыстан қуылды

    Даулы видеодан кейін Қарағанды академиясының басшысы да жұмыстан қуылды

Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының бұрынғы басшысы Жан Кенжетаев ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.


Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары Тастайбеков қызметінен босатылғаннан кейін оқу орнының бірінші басшысы, генерал-майор Кенжетаев полиция қатарынан шығарылды.


Жан Кенжетаев қызметінен босатылып, ІІМ Қарағанды академиясының жаңа басшысы тағайындалғаны бүгін, 4 қаңтарда белгілі болды.


"Бұған дейін Академияның басшысы қызметін атқарған полиция генерал-майоры Кенжетаев Жан Табылдыұлы ішкі істер органдарынан босатылды", — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.


Бүгін жеке құрамға академияның жаңа басшысы Ақынқали Дәрменов таныстырылды.


40 жастағы полковник Дәрменов Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Алматы заң институтын тәмамдағаннан кейін Ішкі істер министрлігінің Академиясында, содан кейін Германиядағы Дж. К. Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі зерттеулер орталығында білім алған. Ал 2012 жылы Ұлыбританиядағы Кембридж университетін бітірді.


Еңбек жолын министрліктегі ведомстволардың бірінде қарапайым тергеуші ретінде бастаған. Ақынқали Дәрменов Қарағанды академиясының басшысы болып тағайындалғанға дейін ҚР ІІМ кадр саясаты департаментін басқарды.


Қазақстан ІІМ Қарағанды академиясының оқытушылары мен басшыларын жұмыстан босату әлеуметтік желілерде таралған видеороликтен кейін басталды. Онда майор шеніндегі полиция қызметкері әріптестерін Жаңа жылмен қылмыс әлеміндегі жаргонмен құттықтаған.


Салдарынан 3 қаңтарда Тастайбеков полицияның беделін түсіргені үшін жұмыстан шығарылды.


sputniknews.kz


 




Көрілген: 607    Пікірлер: 0

жұма, 04.01.2019, 21:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30