Мәселе

Дәурен Абаев Алғыс айту күні қарсаңында бейнероликтер топтамасын жариялады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында «Біз біргеміз!» бейнероликтер топтамасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгіннен бастап парақшамда «Біз біргеміз!» бейнероликтер топтамасын жариялаймын. Жобаны біздің министрлік «О.Ү.Media» продакшн-студиясымен бірге «Хабар» агенттігінің қатысуымен жасады. Бұл – қазақ өнері, әдебиеті, білім мен ауыл шаруашылығы саласындағы біртуар тұлғалар туралы көлемі шағын, алайда мәні терең дүниелер. Ол тұлғалардың барлығы да қазаққа өлшеусіз еңбек сіңіріп, «ұлттық кодтың» сақталуына, дамуына зор үлес қосқан өзге этнос өкілдері», - деп жазды министр.

 

Оның атап өтуінше, бейнероликтер Герольд Бельгер, Александр Затаевич, Александр Бараев, Нина Патрушева, Евгений Брусиловский және тағы да бірқатар қайраткерлердің оқиғаларын баяндайды.

 

«Өздеріңіз білетіндей, «Алғыс айту» күні таяп қалды. Ол – бірлік пен мейірімділік мерекесі, Қазақстан халқының ортақ тарихымызға салауат айтып, келешекке ынтымақты аманат ететін мейрамы. Біз де осы жобамыз арқылы бабалар ерлігін балалар жадында жаңғыртуды және бүгінгі егемен елімізді құруға атсалысқан барлық жандарға алғыс айтуды мақсат еттік», - деді Дәурен Абаев.

 

ВИДЕО:  www.facebook.com/100012262025729/videos/933088040443255/




Көрілген: 193    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 11:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30