Мәселе

Дәурен Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте діни шараларға уақытша тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Сәуір айында біз үшін маңызды бірқатар діни мейрам келе жатыр. Атап айтқанда, Ораза, православтық және католиктік Пасха, яһудилік Песах және тағы да басқа мерекелер аталып өтеді", - деді министр.

 

Абаев бұл мерекелердің барлығы көптеген азамат үшін өте маңызды екенін атап өтті. Дегенмен вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға уақытша тыйым салынған.

 

"Діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, жақындарымен, туыстарымен жиналады. Бірге мазар басына барады. Қазіргідей күрделі уақытта адамның денсаулығы мен амандығы маңызды. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды",- деп толықтырды Абаев.

 

"Біз азаматтарымыздың діни сеніміне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынамыз", - деп түсіндірді министр.

 

Сондай-ақ, министр барлық діни, этно-мәдени ұйымдардың басшыларынан түсіністік танытуды сұрады.

 

"Осы ретте барлық діни, этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарын түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз", - деп түйіндеді министр.

 

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 453 адамға жетті.

 

 




Көрілген: 1519    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 18:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30