Мәселе

Дәурен Абаев мереке күніндегі заңсыз акцияларға пікір білдірді

  • © Азаттық радиосы

    © Азаттық радиосы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мереке күндері болған наразылық акцияларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 6 шілдеде болған оқиға - нағыз арандату. Арандатушылар әдейі мерекелік күн мен халық көп жиналатын орынды таңдайды», - деді Дәурен Абаев Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.


Министрдің айтуынша, қатысушылар ең алдымен жолды бөгеп, кептеліс жасауға тырысты.


«Яғни, олардың әрекеті азаматтық ұстанымын білдіруге емес, дүрбелең жасауға, полицияны арандатуға бағытталды. Егер акция бейбіт болса, қатысушылар неліктен түтіндету құтысы мен респиратор әкелді? Олардың түпкілікті мақсаты - көшедегі қақтығысты көбейтіп, зардап шеккендер мен ұсталғандардың санын көбейту. Оларға диалог керек емес», - деді министр.


Еске салсақ, 6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз шеру өткізуге әрекет жасалғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.


 




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 11:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31