Мәселе

Дәурен Абаев өрттен қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгін түнде Астанада өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Орталық коммуникациялар қызметінде "QAZAQ EPOS" республикалық ағарту жобасы бойынша басталған брифингті ақпарат және коммуникациялар министрі көңіл айтудан бастады.


"Бүгін түнде Астанадағы жекеменшік үйлердің бірінде болған өрттен қаза тапқан бес баланың ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Өрт шыққан кезде, кішкентайлардың ата-анасы жұмыста болыпты. Өрттің шығу себептерін құзырлы органдар өте мұқият тексеріп, нақты ақпарат береді деп сенеміз. Өте қайғылы жағдай, балаларымызға, олардың өміріне сақ болайық", - деді Абаев брифингті бастамас бұрын.


Ол Астана әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыру шаралар өз мойнына алғанын атап өтті.


"Ата-аналарға психологтар көмек көрсетуде. Әкімдік барлық қажетті жұмысты жүргізіп жатыр", - деді министр.


Журналистер әлеуметтік желілерде халық қайғылы жағдайға байланысты қаралы күн жариялауды ұсынғанын айтты.


"Қаралы күн жариялау бойынша өзінің критерийлері бар. Егер сол критерийлер болса, оны арнайы комиссия шешеді. Бұл біздің қолымызда емес", - деп қысқа қайырды министр.


 




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 16:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30