Мәселе

«ДДСҰ пандемияның 2022 жылға дейін созылатынын болжап отыр» - Аружан Саин

  • «ДДСҰ пандемияның 2022 жылға дейін созылатынын болжап отыр» - Аружан Саин

    «ДДСҰ пандемияның 2022 жылға дейін созылатынын болжап отыр» - Аружан Саин

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин коронавирустық пандемияға байланысты той-жиын өткізуді кемі екі жылға кейінге шегеру керек екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы azattyq-ruhy-на сілтеме жасап.

«ДДСҰ пандемияның 2022 жылға дейін созылатынын болжап отыр. Сондай-ақ, ғалымдар, оның ішінде АҚШ ғалымдары вирустың таралу қарқынын ескере келе, COVID-19 алдағы 1,5-2 жылда тынышталмайтынын айтты. Адамдар дәл осылай жаппай ауыра берсе, ешбір елдің денсаулық сақтау саласы шыдас бере алмайды. Егер адамдар тойға, құдайыға барып, ертесіне жұмысқа келе берсе, бәріміз ауырамыз, ешкім, әсіресе балабақшаға баратын балалар қорғалмаған», - деп жазды қоғам қайраткері.

Ол вирусты тасымалдаушы болып есептелетін балаларға алаңдайтынын да айтты.

«Иә, балаларда ауру жеңіл өтеді, бірақ біз бұл коронавирустың кейінгі салдары қандай болатынын білмейміз ғой?! Олар қазір сырттан вирус әкеліп, үйдегі ересектерге, ата-әжелеріне жұқтырып жатыр», - деді А. Саин.

 

 




Көрілген: 627    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 18:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31