Мәселе

Демалыс күндері автобус жұмысына тыйым салудың не пайдасы бар: Денсаулық сақтау минстрлігі түсіндірді

  • Демалыс күндері автобус жұмысына тыйым салудың не пайдасы бар: Денсаулық сақтау минстрлігі түсіндірді

    Демалыс күндері автобус жұмысына тыйым салудың не пайдасы бар: Денсаулық сақтау минстрлігі түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысына тыйым салудың мәні неде екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін елордада автобустар жұмыс күндері және сенбі күні жұмыс істеп, тек жексенбі күндері ғана жүрмейтін. 

 
Есмағамбетоваға брифингте "Жаңа қаулы бойынша санитарлық дәрігер астанада тек жексенбі ғана емес, сенбі күндері де қоғамдық көліктің жұмысына тыйым салды. Коронавирус неге адамдарға жұмыс күндері жұқпайды. Бірақ неге демалыс күндері соншалықты қауіпті болып кетеді? Жай күндері қарбалас уақытта қандай да бір әлеуметтік қашықтық туралы сөз болмайды. Бұл қаншалықты орынды?”, деген сауал қойылды. 

Есмағамбетова бұл жағдайда көп нәрсе азаматтардың өзіне байланысты екенін жеткізді.

"Барлық нәрсенің өзімізге тікелей байланысты екенімен келісетін шығарсыздар. Қоғамдық көлікке толымдылығы бойынша қойылатын талаптар бар, ондағы жолаушылар маска тағып отыруы керек. Бірақ бұл талаптарды бәріміз бірдей орындай бермейміз. Қазіргі уақытта аурушаңдық өсіп, өлім-жітім көбейіп жатыр, өңірлерде денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс көп жүктеме артылды.

"Бұл шектеу шаралары Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені жеңілдетуге арналған. Шектеу шараларының тиімділігі өткен шектеу кезеңімен салыстырғанда дәлелденді. Демалыс күндеріндегі шектеу шаралары демалыс күндері халықтың аз жиналып, вирустың таралуын азайтуға бағытталған", - деді Есмағамбетова.

Ол коронавирустың дельта штаммы әлдеқайда жұқпалы екенін атап өтті. Сондықтан комитет басшысының айтуынша, қабылданған карантиндік шектеулер өте маңызды.




Көрілген: 1176    Пікірлер: 0

сенбі, 17.07.2021, 10:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30