Мәселе

Демалыс күндері шаштараз, сауна, бассейн мен спорт орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілді

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілердің ағынын азайту мақсатында демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды:

 

* сұлулық салондарына, шаштараздарға, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш. м.);

 

* фитнес-орталықтарына, спорттық-сауықтыру орталықтарына, тренажер залдарына, спорт кешендеріне, СПА-салондарға, сауналарға, бассейндерге (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, толымдылығы 30% аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);

 

* діни нысандарға (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).

 

Мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді.

 

Сондай-ақ үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалғандарға 2020 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, оны автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл шара мемлекеттік органдарда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау арқылы азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.

 

primeminister.kz




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 21:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31