Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулығына салғырт қараған тұрғындарға айыппұл салуды ұсынды

02 сәуір 2019, 23:03

«Халық денсаулығы туралы» кодексі қайта қаралуда. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметтің баспасөз мәслихатында «Халық денсаулығы туралы» Кодекске өзгертулер енгізілгенін хабарлады.
«Халық денсаулығы туралы жаңа кодекс шеңберінде азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілік алуға ынталандыру бойынша бірқатар шаралар талқылануда. Азаматтардың денсаулығының деңгейіне қатысты ағымдағы жағдай, өкінішке қарай жақсы емес. Тұрғындар денсаулығына жеткілікті деңгейде назар аудармай, денсаулық сақтау қызметкерлерінен көп көмек күтуде. Өкінішке қарай, уақыт өткенде бәрін қалпына келтіру қиын. Сондықтан көптеген шаралар алдын алу, оның ішінде вакцинацияға бағытталған. Біз аналар мен балалардың денсаулығына бағытталған, атап айтқанда, адамдардың уақытында тіркелуін қамтамасыз ететін осы ынталандыру шараларын ұсынуға шешім қабылдадық», - деді Елжан Біртанов.

Министр денсаулығына салғырт қараған науқастарды әкімшілік жауапқа тарта бастайтынын атап өтті.

«Адамдардың уақытында тіркелмейтіні, медициналық тексеруден өтпеуі, вакцинациядан бас тартуы және т.б. үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу. Бұл ұсыныс талқылануда», - деді Біртанов.

Министр емханаларда уақытылы түсіндіру жұмыстарын жүргізетініне сендірді.