Мәселе

Денсаулық сақтау министрлігі: Вакцина алғандар да маска тағып жүруі керек

  • Денсаулық сақтау министрлігі: Вакцина алғандар да маска тағып жүруі керек

    Денсаулық сақтау министрлігі: Вакцина алғандар да маска тағып жүруі керек

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова коронавирустың алдын алу үшін барлық шараларды сақтап, маска тақпай жүрудің әлі де дұрыс еместігін еске салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Елде вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Ал халық көшеде және жабық жерлерде бетперде қолданбайды. Қазіргі жағдайда бұл қалыпты ма?"- деп сұрады журналист брифингте.

"Маска тағу қазіргі жағдайда ғана емес, пандемия жарияланғаннан сәттен бері өзекті. Вакцина алдық, енді маска тағудың, қашықтық сақтаудың қажеті жоқ деп ойлайтындар қателеседі. Әзірге ұжымдық иммунитет қалыптасқан жоқ, вирус қоғамда жоғары деңгейде таралып жатыр, өкінішке қарай, вакцина алғандар да ауырып қалуы мүмкін", – деп атап өтті Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондықтан, оның айтуынша, вакцинамен қатар алдын алу шараларын да сақтау маңызды.

"Өзіңіз туралы, жақындарыңыз бен қарт туыстарыңыз туралы ойланыңыз. Дельта штаммының да әлдеқайда жұқпалы, көп адамға тез таралатынын және ауру күрделі жағдайда өтетінін есте сақтаңыз. Құрметті қазақстандықтар, өтінеміз, барлық алдын алу шараларын сақтаңыздар", – деді А.Есмағамбетова.




Көрілген: 1299    Пікірлер: 0

сенбі, 17.07.2021, 11:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30