Мәселе

Депутат Қордайдағы қақтығыстан кейін Ассамблеяны жабу керек дегендерге сәлем жолдады

  • © Photo : Официальный сайт президента Республики Казахстан

    © Photo : Официальный сайт президента Республики Казахстан

Мәжіліс депутаты Ахмет Мурадов Қордайдағы трагедиядан кейін әлеуметтік желілерде Қазақстан халқы Ассамблеясын жабу керек деген кейбір қазақстандықтарға сәлем жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Халқының басым бөлігін дүнгендер құрайтын Масанчи ауылындағы қақтығыстан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын сынға алған болатын. Желі қолданушылары Ассамблеяны жабу керек деп санайды.

 

Қазақстандықтардың бұл сыны Ассамблея атынан сайланған депутат Ахмет Мурадовтың ашуын келтірді.

 

 

"Қазақстан халқы Ассамблеясын жабу керек дегендерге менен сәлем жолдаңыз. Ассамблеяны жапқысы келетін сыншыларды бізге келіп, бірге жұмыс істеп, біз жасап жатқан дүниелерді жасап көруге шақырамын", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісінің сұрағына берген жауабында.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы өз бетімен өмір сүретін қандай да бір жеке бөлім емес, деп жалғастырды Мурадов.
Ассамблея тек жиын-тойлармен, концерттермен шектеледі деген сынға қатысты депутаттың берген жауабы былай болды.

 

"Түрлі мерекелер, фестивальдер мен концерттер ұйымдастырып жататынымыз рас. Ал енді басқаша біз бір-бірімізді қалай танимыз? Бірақ, ортақ міндет, ұлттық мүдде, мемлекеттік бағдарламалар - бәріне бірдей, ортақ", - деді ол.

 

Мурадов қазір Ассамблея Қордайдағы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетудің жолын таңдап жатқанын айтты.

 

 

 




Көрілген: 1656    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.02.2020, 16:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31