Мәселе

Депутат онлайн сот жайлы: соқыр мен саңыраудың әңгімесі

  • © AP Photo / Jean-Francois Badias

    © AP Photo / Jean-Francois Badias

Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының депутаттары адамды бас бостандығынан айырумен байланысты істерді сотта оффлайн режимде қарастыруды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Қазақстан соттары онлайн форматқа былтыр пандемия кезінде көшкен болатын. Содан бері барлық сот отырысы видеоконференция арқылы өткізіліп келеді.

 

Депутат Берік Дүйсенбиновтің айтуынша, пандемияға дейін видеоконференция жүйесі сот отырыстарына қатыса алмайтын немесе жазасын өтеу орындарындағы азаматтармен қатынас үшін ғана қолданылды. Яғни, індетке дейін сот жүйесінде 6 жыл уақыт арасында қашықтан жұмыс істеу тәжірибесі қалыптасып, бүгінгі мәжбүрлі онлайн форматқа белгілі бір дайындықпен келді десек те болады.

 

"Алайда ақпарат құралдарындағы мәліметтерге сүйенсек, 2014-2019 жылдар аралығында бақандай бес жыл және бюджеттен жарты миллиардқа жуық қаржы жұмсап орнатқан ВКС құралы іс жүзінде екі адамның басын қосып сот отырысын өткізуге жарамай қалды. Қазақша айтсақ, "ысқырығы жер жарады, айдағаны бес ешкінің" кебі келді", – деді ол елдің бас прокурорына жолдаған депутаттық сауалында.

 

Депутаттың мәліметінше, бүгінде ВКС жүйесінің көмегімен бірде бір сот ісі қарастырылмайды. Ақпараттық қауіпсіздік пен құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында Жоғарғы сот True Conf бағдарламасын ұсынған. Алайда ол да сот процесіне қатысушылардың көптеген наразылығын тудырды. Осыдан кейін Жоғарғы сот судьяларға басқа платформалар мен мессенджерлерді қолдануға рұқсат берген.

 

"Бүгінгі WhatsApp, Zoom сияқты мессенджерлерді пайдаланып өтіп жатқан сот процестерін соқыр мен саңыраудың әңгімесі десек қателеспейміз. Байланыстың жиі үзілуі, шиқылдаған дыбыстар, дауыстардың анық естілмеуі, СИЗО-лармен байланыс орнатудың қиындығы, тараптардың бір-бірін естімеуі сияқты көрмеуі көп мәселенің шешілмеуі, міне бүгінгі сот отырысының қысқаша келбеті осындай", – деп ашынды Дүйсенбинов.

 

Айтуынша, онлайн сот отырысы кезінде тараптарды байланыстан әдейі ажырату немесе тараптарды отырысқа қатыстырмау жағдайлары да ұшырасқан.

 

Онлайн сот оңтайлы ма

 

Десе де, мәжілісмен сотты онлайн форматта өткізу заман талабына сай әрі ыңғайлы екенін де атап өтті. Бұл формат тараптарға қолайлы және салыстырмалы түрде арзан.

 

"Осы форматта жұмыс істеу халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін арттырады. Жүріп-тұруға уақыт пен қаржы үнемдейді. Заңгерлердің де уақыты үнемделіп, өкілдердің қызмет ақысына оң әсерін тигізеді", – деді ол.

 

Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы:

 

тараптарға қолжетімді болу үшін барлық құжатты толығымен электронды форматқа көшіруді;

 

тараптар мен куәгерлердің қатысуын және дәлелдердің айғақтығын талап етпейтін істерді қарауды онлайнға ауыстыруды;

 

процессуалдық заңға қашықтан сот жүргізудің ерекшелігін ескеретін өзгерістер енгізуді;

 

онлайн отырыстарда сот процесстерінің бұзылуын тіркеу әдістерін қарастыруды, ашық сот отырыстарына қоғамның қатысу тәртібін регламенттеуді және жабық сот отырыстарының құпиялылығын қамтамасыз етуді;

 

адамды бас бостандығынан немесе меншік құқынан айыру сияқты аса маңызды істерді санитарлық талаптарды сақтай отырып, оффлайн режимде қарастыруға қайта оралуды ұсынды.

 

"Адам тағдыры онлайн шешілетін ойыншық емес", – деді Дүйсенбинов.

 

Ол халықтан, заңгерлер мен кәсіпкерлерден бүгінгі онлайн соттың әділдігіне күмән келтіретін сауалдар көп түсетінін жеткізді. Бұл тек сот жүйесіне ғана емес, мемлекеттің әділеттілігіне де күмән келтіретіні сөзсіз, деп түйіндеді мәжілісмен.

 

 

 

 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 17:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31