Мәселе

Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрады

  • Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрады

    Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрады

Депутаттар халыққа жаппай екпе салдыру ісін Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының ақшасы есебінен жүргізуді ұсынады.
Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрайды. Асқар Маминге жолданған депутаттық сауалды Зағипа Балиева бүгін Мәжіліс отырысында оқып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттануды азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне әсер етеді.

Депутаттар вакцинациялауды Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүргізуді ұсынады.

"Біз бәріміз коронавирустан қорқып қалдық, бірақ әлемдегі барлық пневмониялардың ішінде COVID, тек 4-5% құрайды, ал қалған 95% басқа тектен шыққан. Атап айтқанда, пневмококктан. Пневмококктық вакцинасы 65 және одан жоғары жастағы барлық адамдарға салу керек. 19 жастан асқандар үшін - егер бұл адам қант диабетімен, өкпенің, бүйректің, бауырдың созылмалы ауруларымен ауырған болса. Пневмоктық вакцинациядан өті жоқ немесе кохлеарлы имплантантпен жүргендерді босатуға болады", - деді Балиева.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 7 айында республикамызда пневмококк инфекциясына қарсы жүйелі түрде вакцина егіліп келеді: бірінші вакцинация - 148,221 (1 жасқа дейінгі балалар санының 43,2%), екіншісі - 133 723 (1 жасқа дейінгі балалар санының 38,9%) және үшінші вакцинация - 137 554 (2 жасқа дейінгі балалар санының 40,6%) адам алды.

Коронавирустың қайта бой көтеру ықтималдылығын ескере отырып, онымен қатар жүретін инфекциялардан туындаған аурулар, мысалы, пневмококк, өмірге нақты қауіп төндіреді.

- Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттанушылықты азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне ықпал етеді. Егер біз қазірден бастап жаппай вакцинация жасайтын болсақ, онда ертең жаңа ауруханалар салудың қажеті болмайды, - деп сөзін түйіндеді ол. 




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 16:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30