Мәселе

Депутаттар вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды талап етті

  • Депутаттар вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды талап етті

    Депутаттар вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды талап етті

Депутаттың пікірінше, егер үкімет мәселені тиімді шешпесе, азаматтардың өміріне араша түсетін дәрігерлер қалмай қалуы мүмкін. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының депутаттары коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем төлеуді жалғастыруды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

20 қазанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия COVID-19 бен ковидтік пневмонияға шалдыққан және одан қайтыс болған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеуді тоқтатқан еді. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, жұмыста ауру жұқтыру жағдайлары тіркелсе, қолдау шаралары кәсіподақтар мен жергілікті атқарушы органдар есебінен жасалады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар пойыздың кешіккені үшін өтемақы ала алады

"Ақ жол" фракциясының депутаттары министрліктің пандемияның екінші толқыны кезінде ақхалаттыларды қолдаусыз қалдырғанына қынжылды.

"Еуропаның жекелеген елдерінде күніне 40 мың адам індетке шалдығуда. Көрші Ресейде күн сайын 17-18 мың адам вирус жұқтырады, 300-ге жуығы қайтыс болады. Қазақстанда жағдай жақсы, әрине, бірақ ауру жұқтырғандардың көбейіп жатқаны да байқалады. Осы жағдайда алғы шепте жүрген дәрігерлерге мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету маңызды емес пе", &ndash дейді Перуашев.

Бұған дейін вирус жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал індеттен қайтыс болғандардың отбасына 10 миллион теңге өтемақы төленіп келді.

Депутаттың айтуынша, кәсіподақтар мен жергілікті бюджеттердің мұндай төлем төлеуге мүмкіндігі жоқ.

"Аталған жағдайда кәсіподақтар емделу үшін 3 айлық еңбекақыдан артық ақша төлей алмайды. Оның үстіне вирус тек бір адамға ғана жұқпайды, бүкіл отбасыға тарайды. Мұндай кезде ол ақша тіпті дәрі-дәрмек пен тамаққа да жетпеуі мүмкін. Ал жергілікті бюджетте мұндай шығын атымен жоқ, яғни төлем қарастырылмаған", &ndash деді мәжілісмен.
Осыған байланысты депутаттар үкіметтен осы мәселені қайта қарап, өтемақы төлеуді жалғастыруды сұрайды. Әйтпесе, олардың пікірінше, қиын-қыстау сәтте азаматтардың өміріне араша түсетін дәрігерлер қалмай қалуы мүмкін.


Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20201028/15314187/Virus-zhuqtyrgan-darigerler.html




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 15:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30