Мәселе

«Дикий Арманға» хат жазған жоқпын» - Кербұлақ ауданының әкімі

  • «Дикий Арманға» хат жазған жоқпын» - Кербұлақ ауданының әкімі

    «Дикий Арманға» хат жазған жоқпын» - Кербұлақ ауданының әкімі

Жұрт арасында «Дикий Арман» деген лақап атпен танылған кәсіпкер Арман Жұмагелдиевтің сонау Түркия елінен Алматы облысындағы Кербұлақ ауданына 10 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін жібергені үшін өңір әкімі Махаббат Бигелдиевтің Алғыс хатын алғаны рас болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бір қызығы, не жағдай есер еткені білгісіз, Кербұлақ ауданының әкімі М.Бигелдиев «Дикий Арманға» Алғыс хатты мен берген жоқпын» деп ақталып жатқанға ұқсайды. nege.kz ақпарат порталында Бигелдиевтің мырзаның хаты делінген құжат жарияланды. Порталдың жазуынша, бұл хатты Махаббат Бигелдиевтің өзі жіберген.

«Дикий Арман» деген лақап атпен белгілі Арман Жұмагелдиев екі күн бұрын Инстаграмдағы парақшасына Алматы облысының Кербұлақ ауданының әкімі М.Бигелдиевтің атынан келген Алғыс хаттың суретін жариялады. Қазір осы хат талайдың басына таяқ болып тиіп жатқанға ұқсайды.

Nege.kz редакциясына Кербұлақ ауданын әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиевтің қолхаты келіп түсті. Аудан әкімі онда былай дейді:

«Мен, Бигелдиев Махаббат Сәдуақасұлы, 2020 жылдың 18 маусымынан қазіргі уақытқа дейін сырқаттанып, ем алып жатырмын. Мен жоқ кезде Кербұлақ ауданына дәрі-дәрмек ретінде гуманитарлық көмек келгенін, оған әлдебір Арман Жұмагелдиев дегеннің қатысы барын БАҚ-тан оқып білдім. Аталған адамға типтік алғыс хат жіберілген. Хатта менің аты-жөнім көрсетілгенімен, денсаулық жағдайыма байланысты қол қойған жоқпын. Алғыс хатта менің орынбасарым Бекзат Бекболатұлы Мыржиевтің қолы тұр. 1.08.2020».

 

 

Аудан әкімінің орынбасары Б.Мыржиев «Дикий Арман» – Арман Жұмагелдиевті әлдебір қайырымдылық қорының жетекшісі деп ойласа керек. Әлде әдейі жіберді ме екен? Қалай болғанда да бұл «Алғыс хаттың» әуресінен біраз шенді «шапанын шешуі» әбден мүмкін...», - деп жазған аталмыш басылым.

Бұған дейін «Дикий Арман» яғни Арман Жұмагелдиевтің сонау Түркия елінен Алматы облысындағы Кербұлақ ауданына 10 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін жібергенін жазған болатынбыз.




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.08.2020, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30