Дикий Арманның анасы: «Нұрбот болса түрмеде отырмас еді»

26 ақпан 2022, 01:35

«Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің анасы Роза Жұмагелдиева ұлына қатысты тараған ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бұл – сандырақ әңгіме. Мен оған пікір білдіргім де келмейді. Қастандық теорияларын сүйетіндер мен ғылыми фантаст жазушылар осындай қастандық теориясына қызығушылық таныта берсін. Ол жылдары Арман қандай да бір арнайы тапсырмалармен айналысу үшін тым жас және тәжірибесіз болатын. Сырттан қысым туралы айтатын болсам, менің ұлым ешқашан ештеңеден қорықпады, тек Құдайдың қаһарынан басқа. Егер Арман нұрбот болса, ол түрмеде өз мерзімін өтер ме еді? Оны ерте босатар ма еді? Мен ол кезде ұлымның қоғамдық қорғаушысы болып, Назарбаев пен депутаттарды қоса алғанда, барлық есікті қақтым, бірақ ешкім көмектеспеді. Менің ұлымның барлық жастық шағы темір тордың артында өтті. Ол діни сенімдерінің арқасында түрме тозағынан өтіп, ауыр сынақтарға төтеп берді», – деді Роза Хамзеқызы.

Еске сала кетейік, ҰҚК Арман Жұмагелдиевті 2000 жылдардың ортасында арнайы тапсырмаларды орындау үшін жалдады деген ақпарат тараған болатын.