Мәселе

Директорлар әкімді неге алдап жүр?

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Қазіргі күні үлкен-кішіні мазалаған сауалдың ең бастысы – балаларын мектепте оқыту мәселесі. Әсіресе, 1-2 кластағы өрендерді қашықтан оқыту үрдісі елімізде өте қолайсыз жағдай туындатып отыр. Оның соңы үлкен шуға ұласып, білім министріне дейін жетіп жатыр. Себебі, ата-аналардың басым бөлігі қызмет істейтін жастар болғандықтан, бүгінгі күні олар не амал жасарын білмей, тығырыққа тіреліп отырған жағдайлары бар.

 

Біріншіден, бастауыштағы балақайлар смартфонмен (компьютермен) өз бетімен оқи алмайтыны анық. Программаны ашып, қосу өз алдына, дәріс өтіп жатқан кезде байланыс үзіліп қалса, не болмақ? Екіншіден, оқытушының не айтып, не қойғанын, қандай тапсырма бергенін түсіндіру үшін баланың қасында міндетті түрде естияр жан болуы қажет. Ондай жағдайда ата-ананың біреуі жұмыстан қалуына тура келеді. Ал, мынандай өтпелі ауыр кезеңде кім өз кәсібінен айырылғысы келеді? Ешкім де! Бастарында бірнеше несиесі бар, пәтерін ипотекаға алған немесе жалдап тұратын жандар үшін әрбір теңге қымбат. Сондықтан, олар балаларының мектепте дәстүрлі форматта оқығанын қалайды. Бірақ, осы арада мектеп директорларының ұстанған позициясы түсініксіз болып отыр. Олар кезекші класстар ашуға құлықсыздық танытуда. Неге? Соның сырына үңілейік.

 

Мысалы, жаңа оқу жылының қарсаңында, дәлірек айтсам, 26 тамыз күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасында тікелей эфирге шығып, жаңадан салынған мектептерді аралағанын мәлімдеді. Оқу орындары жетіспей жатқан кезеңде жаңа ғимараттардың пайдалануға берілуі шынында да, құптарлық іс. Алайда, әкім өз сөзінде «Осы бес мектептің басшылары кезекші класс ашуға ата-аналардан ешқандай сұраныс түскен жоқ деп айтты» деді. 

 

Шынымен, солай ма? Әрине, жоқ. Мысалы, Әуезов ауданының «Мамыр» ықшамауданындағы 1200 орындық №202 мектеп-гимназияның басшылары кезекші класс ашуды «31 канал» тілшілері араласқаннан кейін ғана қолға алуда. 

 

Сол сияқты, Бостандық ауданындағы №146 мектеп-лицейдің директоры «Ата-аналар өтінішпен келсе қабылдамаңдар, кезекші класс ашылмайды деп айтыңдар», деп қарамағындағыларға тамыз айында тапсырма бергенін естідік. Мұндай деректерді анықтау үшін сол мектептегі ата-аналарға онлайн-сұрау салсаңыздар жеткілікті. Бұл нені көрсетеді? Бұл әкімнің білім саласына жауапты орынбасары қаладағы нақты жағдайды толық білмейді деген сөз. Және әкімнің баспасөз қызметі тарапынан БАҚ бетіндегі айтылып жатқан орынды мәселелерге ешқандай назар аудармайтыны аңғарылады.

 

Енді жоғарыдағы сауалымызға қайта оралайық. Директорлар кезекші класс ашуға неге құлықсыз? Өйткені, олар жан тыныштығын бұзбауды ойлайтын сияқты. Бүкіл жауапкершілікті мұғалімдердің мойнына артып қойып, қаңыраған мектепте тып-тыныш уақыт өткізіп, қомақты айлық алып отырғанды кім жек көрсін?! Наурыздан бері үйінде алаңсыз шәйін ішіп, телефонмен «дәріс» беретін оқытушылар да осыған әбден үйреніп алған секілді. Артық қимыл жасауға, кезекші класта сабақ өткізуге барғысы келмейді.

 

Мұның екінші қыры тағы бар.

 

Қазір байқасаңыз, жеке меншік сипаттағы «Қосымша білім беру орталықтары» жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Олардың жасырын құрылтайшылары – білім саласындағы мықтылар екені даусыз. Топ-топ бала оқытады. Бір-екі бөлмелі пәтерді жалдап, шәкірттерді өз бетінше «дайындап» жатқан пысықтар тағы бар. Ал, ондағы қосымша жұмыс істейтін мұғалімдер негізінен «онлайн-сабақтарын» өткізгеннен кейін (түске дейін немесе түс қайта) келетінін көріп жүрміз. Яғни, оларға мектепке барудан гөрі «левый» табыс тапқан тиімді. Бір оқушыға айына 60 мың теңге! Он бала оқытсаңыз 600 мың! Баласының оқу үлгерімін ойлаған ата-ана амал жоқ, аузындағысын жырып беріп, сұрағанын төлеуге тырысады. Ол үшін түбіртек (квитанция) берілмейді. Бір сөзбен айтқанда, ешқандай салық төленбейді деген сөз. Биыл Алматыда 30 мыңға жуық баланың бірінші класқа баратынын ойға алсақ, қаншама қаржы жеке қалтаға түсіп жатыр? Ал, қосымша білім берудің сапасы қандай? Қалай оқытуда? Оны тексеріп жатқан пенде жоқ.

 

Өткен, 1 қыркүйек күні Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтандағы №73 мектеп-лицейге барған кезінде: «1-4 сынып оқушыларының 60 пайызға жуығы дәстүрлі форматта оқиды», – деп мәлімдеді. Рас болса, осы көрсеткіштің қатарына қанша алматылық өрендер еніп отыр? Енбей қалғандары өз бетімен әліппені қалай үйренбек?

 

Бұл тақырып қоғамның созылмалы бас ауруына айналып кетпесін деп тілесек, мектебімізді бүгін түзейік!

 

abai.kz




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31