Мәселе

Донор дауы: Қазақстан азаматтарының дене мүшесі шетелдікке сатыла ма?

  • Донор дауы: Қазақстан азаматтарының дене мүшесі шетелдікке сатыла ма?

    Донор дауы: Қазақстан азаматтарының дене мүшесі шетелдікке сатыла ма?

Онлайн режимдегі мәйіттік донорлыққа қатысты дау туындады, &ndash деп хабарлайды КТК арнасы. Себебі, мәйіттен алынған дене мүшесі нағыз мұқтаж жанға жетпес бұрын, саудаға түсе ме деп алаңдайды.
Денсаулық сақтау министрлігі оған жол берілмейтінін айтады.

Электронды үкіметтегі соңғы мәліметте қайтыс болған соң, ағзаны беру бастамасын қолдайтындарға қарағанда, бас тартқандар көп.

Ал мамыр айында күшіне енген «Халық денсаулығы туралы» кодекске сәйкес, әр адам қайтыс болғаннан кейін өз ағзасын беруге немесе одан бас тартуға өтініш беруі тиіс.

Статистика бойынша электронды үкіметтің дерегінше, 1438 адам, қағаз жүзінде 300-дей қазақстандық донор болғысы келмейді. Ал жалпы саны 200-ден аса адам басқаға өмір сыйлауды құп көреді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 9 айда 238 адам донор табылмағандықтан, өмірден өткен. Қазірдің өзінде елімізде үш мыңнан астам сырқат донорға мұқтаж. Соның 90 пайызы бір бүйрек үшін кезекте тұр.

ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Әділ Жұмағалиев: «Ислам діні, орыс православиесі бар, католиктер бар. Бұл діндерде қарсылық жоқ. Бүгінгі таңда бірыңғай күту парағында 3242 адам тұр. Оның ішінде 116-сы сәби. Трансплантация барлық қазақстандықтарға тегін. Бірде-бір мәйіттік ағза шетелдіктерге қолданылмайды», &ndash дейді.

aikyn.kz




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30