Мәселе

"Достарым сені зорлайды деді": 70 жастағы әйел басынан өткен сұмдықты айтты - видео

  • https://ngs24.ru/

    https://ngs24.ru/

Алматы облысында 70 жастағы әйелді бұрын азаматтық некеде болған адам ұрып-соққан. Ол қаскөйлердің бостандықта жүргенін айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, 2020 жылдың қарашасынан бері бірге тұрмайтын азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі оны ұрып-соққан. Оқиға 31 наурызда болған.

 

 

"Мас күйінде достарымен бірге келді. Үйдегі кішкентай балаларды қорқытты. Мені күштеп аулаға шығарды. Күштеп көлікке отырғызып, ұра бастады. Қатты ұрды. Сол маңнан өтіп бара жатқандар полиция шақыратынын айтқан соң жанындағы достарына көлікті айда деді. Менің үстіме мініп ұра бастады. Мені түзге апарып, ішуге мәжбүрледі. Бірақ мен ішпедім. Көйлегімнің түймелерін ағытып, "қазір сені ұстап тұрамын, олар сені зорлайды" деп айтты. Көзімді баспен ұрды. Содан кейін достарына ақша төледі", - дейді әйел.

 

Әйел оның достарына қанша ақша төлегенін білмейтінін айтты. Ауылға келген кезде оларды полиция күтіп тұрған. Тәртіп сақшылары көлік ішінен әйелді алып шығады.

 

Оның сөзінше, сол күні Балқаш аудандық полиция бөліміне арыз жазған.

 

"Ол адамдар қазір бостандықта жүр, мен қорқамын. Әр минут сайын үйде болудың өзінен қорқамын. Балалар жұмыста, мен кішкентай балалармен үйде отырамын. Қайта келіп, мені өлтіре ме деп қорқамын. Себебі олар мені өлтіріп, өртеп жібереміз деп қорқытты. Балаларым мен үйімді өртеп жіберетінін айтты. Ол өзінің барлық туысы полицияда жұмыс істейтінін айтып мақтанды", - дейді әйел.

 

Қазір зейнеткер емделіп жатыр.

 

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті Балқаш ауданы полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.

 

"31 наурызда Балқаш ауданының полициясына азамат Ц. өзін ұрып-соққан бұрынғы азаматтық жұбайына қатысты шаралар қабылдау бойынша жүгінді. Аталған факті Балқаш ауданы полиция бөлімінде тіркелді, зардап шеккен адамның дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жасалады", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сараптама нәтижесі шыққаннан кейін іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1403    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 17:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30